Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:05
      Аймақ 10.01.2017, 16:02 0 пікір 498 просмотров

      Атырауда амнистиямен қанша адам босатылады?

      Еске сала кетейік, өткен жыл соңында Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңына жария түрде қол қойған болатын. Бүгінде амнистияға ілініп, бостандыққа шығатындар тізімі жасақталуда.


      Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тобының бас маманы әділет аға лейтенанты Медет  АДЖИКУЛОВ айтып берген еді.
      - Жалпы, Атырау облысында қоғамнан оқшауланған адамдарды тәрбиелеп, түзеу жолына қоюға арналған 3 түзеу мекемелері: УГ-157/1 мекемесі (қауіпсіздігі аралас мекемесі), УГ-157/9 мекемесі (ерлерге арналған орташа қауіпсіз түзету мекемесі), және УГ-157/11 мекемесі (әйелдерге арналған орташа қауіпсіз түзету мекемесі) бар. Сондай-ақ, пробация қызметі есебінде 1000-ға жуық сот үкімімен жазасын қоғаммен оқшаулауға байланысты емес тұлғалар тұр. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 13 желтоқсанда қабылданды. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды. Айта кетейін, бұл рақымшылық шарасы республика бойынша 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Ал, Атырау облысына келер болсақ, бүгінде түзеу мекемелерінде 614- ке жуық сотталғандар жазасын өтеуде. Өз кезегінде рақымшылық жасау бойынша күнделікті түзеу мекемелерінде тәрбие бөлімі және арнайы есеп тобымен бірлесе құжаттар жинақталып, ол құжаттар Атырау қалалық №2 сотына жолданылуда. Олардың ішінен қазіргі уақытта түзеу мекемелерінен босатылуға және мерзімін қысқартуға жататын 113 сотталған рақымшылыққа ілініп отыр. Яғни, 81 сотталған мерзімін қысқартуға, 32 сотталған босатылуға жатады. Бұл әзірге нақты дерек емес. Өйткені, жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан олардың саны өспесе, кемімейді. Мерзімін қысқартуға, босатылуға жататын сотталғандардың құжаттары Атырау қалалық сотына  жолданып, ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап рақымшылық  заңын қолдану бойынша сот отырысының басталуы кутілуде. Ал, пробация қызметінде сот үкімімен жазасын қоғаммен оқшаулауға байланысты емес тұлғалар ішінен 495 жазасын өтеушінің 203-і мерзімін қысқартуға, 292-сы қылмыстық істен босатылуға жатады, - дейді ол. Ал, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған тұлғаларға (қылмыс 14-18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты кәмелетке толмаған тұлға тарапынан жасалған жағдайдан бөлек), террористік қылмыс жасағандарға, экстремистік қылмыс жасағандарға, біреуді азаптағандарға, рецидив үшін жазаға тартылғандарға, рахымшылық жасалып, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылғандарға, сондай-ақ, өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілгендерге, бұдан бұрын рахымшылық немесе кешірімге ілініп, қайтадан қасақана қылмыс жасағандарға, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін жазаға тартылғандарға, біреуі осы заңның әрекет аясына кірмейтін бірнеше қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____     _____    __   __   ______   
       /_   _//  |  ___||  /  ___||  \ \\/ // |      \\ 
         | ||    | ||__   | // __     \ ` //  |  --  // 
        _| ||    | ||__   | \\_\ ||    | ||   |  --  \\ 
       /__//     |_____||  \____//     |_||   |______// 
       `--`      `-----`    `---`      `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх