Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 1:47
      Аймақ 11.01.2017, 11:08 0 пікір 371 просмотров

      Атырауда әйелін өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

      Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені және адам өлтіргені үшін айыпталған С.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.



      Қайғылы оқиға өткен жылдың 4 шілдесінде айыптының  қызы  баратын балабақшаның жанында орын алған. Сол жерде сотталушы мен жәбірленуші арасында некеде жинаған мүлікті бөлу жайында келіспеушілік туындайды. Сол мезетте ол бұрынғы әйеліне бірнеше жерден пышақ  салып, артынша  өзін өлтірмекші болып, пышақпен өз ішінен ұрады. Алайда, ол тірі қалып, 43 жастағы әйелі есін жимастан, аурухананың  жан сақтау бөлімінде көз жұмған. Сот үкімімен С.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 1 бөлігінде (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 99 бабының 1 бөлігінде (адам өлтіру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, «қатаң» режимдегі түзеу колониясында 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


      Гүлзада Қожабергенқызы



       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _     ______    _____   __    __  
       \ \\/ // | || | ||  /_   _//  |  ___|| \ \\ / // 
        \   //  | || | ||  `-| |,-   | ||__    \ \/ //  
        / . \\  | \\_/ ||    | ||    | ||__     \  //   
       /_//\_\\  \____//     |_||    |_____||    \//    
       `-`  --`   `---`      `-`'    `-----`      `     
                                                        
      
       
      Наверх