Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 4:59
      Аймақ 11.01.2017, 16:58 0 пікір 486 просмотров

      «Екінші дуниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» кітабы 25 том болып шықты.

      Мемлекетаралықи "Алтын ғасыр" газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисті тарихшы Жұмабай Доспановтың осы тақырыпты реттей бастағанына 7 –ші жылға аяқ басып барады.  Жұмабайдың таңдаған тақырыбы мемлекеттік тұрғыда аса құндылығы, халыққа жақындығымен қажеттілігін естім бастан. Анықтау зерттеумен майдангер қазақ офицерлерінің санын  12056–ға жеткізіп тынғандығы үлкен ерлік деуге болады.


          Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдық қарсаңында бұл кітаптың алғашқы басылымы 10 том болып Рессейдің  Астрахань  қаласында басылып шыққан еді. Іздемпаз журналист мұнымен де тоқтап қалмай қазақ офицерлерін іздестіруді жалғастыра берді. Соның арқасында тәуелсіздіктің 25 жылдық қарсаңында «Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» кітабы 25 том болып жарық көрді.   Сүбелі еңбекті Атыраудағы «Ағатай баспасы» Алматы қаласындағы «Дәуір» РПБК ЖШС-ның  баспа қаласында басып шығады, айта кету керек 25 томдықтың әрқайсысы  1000 данадан  басылып шықты.  25 томдық кітаб жарық көрседе екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері әлі табылып жатыр. Қазір Жұмабай Доспановтың есебінде 20 офицер жазылған.

          Енді Жұмабай Доспанов Атырау облысының құрбанына 70 жыл толу құрметіне  екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестерімізді анықтауға кірісіп кетті. Қазірдің өзінде кем дегенде 2 орын алған Атыраулықтардан  біртомдық еңбегі әзір тұр. Тойға дейін тағыда 4 томын дайындап береді. Біз журналистке қажымас қайрат, шалқар шабыт тілейміз.


      Құттыгерей Смадияр.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______    _  __     ___              
       /_____//  /_   _//  | |/ //   / _ \\      ___   
       `____ `    -| ||-   | ' //   / //\ \\    /   || 
       /___//     _| ||_   | . \\  |  ___  ||  | [] || 
       `__ `     /_____//  |_|\_\\ |_||  |_||   \__ || 
       /_//      `-----`   `-` --` `-`   `-`     -|_|| 
       `-`                                        `-`  
      
       
      Наверх