Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:11
      Экономика 11.01.2017, 17:17 0 пікір 591 просмотров

      Қазақстанда инфляцияның төмендеуі күтілуде

      Өткен жылғы қорытынды бойынша елімізде инфляция 8,5 пайыз деңгейде қалыптасқан. Мұның тұтастай алғанда ҚР Ұлттық Банктің бағалауына сәйкес келетінін брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтты.


      Брифингте ҚР ҰБ басшысы «Нысаналы бағдардың аздап ұлғаюы 2016 жылғы 4-тоқсанда жекелеген тауарларға ұсыныстар тарапынан болған күйзелістерге байланысты, олар қысқа мерзімді сипатта болды. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша  2017 жылғы 1-тоқсанда осы күйзелістердің инфляциялық процестерге ықпалы азаятын болады. Тұтастай алғанда, біз жылдық инфляцияның одан әрі төмендеуін және 2017 жылғы қаңтар-ақпанда жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға (6-8 пайыз) қол жеткізуді күтеміз», – деп мәлімдеді. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі халықтың инфляциялық күтулерді бағалау бойынша пікірінің нәтижелерін растайды. Д.Ақышевтің айтуынша, 2016 жылғы желтоқсанда инфляциялық күтулер қалыпты сипатта болуды жалғастырып отыр. Респонденттердің 2016 жылғы желтоқсанда бағаның мереке алдындағы өсуі бойынша қауіптері ақталмаған, ал, 2017 жылғы қаңтарда олар инфляциялық процестердің жедел өсуін күтпейді. Бұл ретте соңғы 12 айда бағаның өсуін күткен респонденттердің үлесі, жаңа жылда бағаның ағымдағы өсу қарқынын күткендердің есебінен аздап өскен. Бұдан басқа, брифинг кезінде Д.Ақышев «халықтың инфляцияны қабылдауы біртіндеп жақсарып келеді. Респонденттердің көпшілігі өткен айда бағаның қалыпты өсуін атап өтті» деді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___     __   __     ___              
      | || | ||   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\    ____    
      | || | ||  | / \ ||   \   //   / //\ \\  |    \\  
      | \\_/ ||  | \_/ ||   / . \\  |  ___  || | [] ||  
       \____//    \___//   /_//\_\\ |_||  |_|| |  __//  
        `---`     `---`    `-`  --` `-`   `-`  |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх