Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 5:59
      Қоғам 12.01.2017, 12:07 0 пікір 656 просмотров

      Атырауда тұрғын үйге кезек көп...

       Атырау Өңірлік коммуникациялық қызметінің баспасөз орталығында брифинг өткізген Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.


      Тұрғын үй мәселесі бойынша, оның айтуынша, бүгінгі күні бөлімнің Тұрғын үй секторында кезекте 17 694 азамат тіркелген. Оның ішінде жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 888 болса, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары – 5680,  мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 10910, жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар саны 216 болып отыр. Бөлім басшысы сонымен қатар, осы  жылы қай салаға қанша қаржы бөлінгені жөнінде де айтып берді.

       

      • 12,4 млн.теңгеге жасанды жол кедергілерін орнату;
      • 159 млн.теңгеге Әуежай бағытындағы автокөлік жолы бойының   екі  жағынан түнгі көше жарық шамдарын орнату жұмыстарын жалғастыру;
      • 801 млн.теңгеге санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу;
      • 130 млн.теңгеге масаға қарсы улау жұмыстарын жүргізу;
      • 50 млн.теңгеге арнайы қоқыс жәшіктерін сатып алу;
      • 240 млн.теңгеге жыл бойына қала көшелеріндегі бұрыннан бар ағаштар мен газондарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізу;
      • 133 млн.теңгеге аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын 16 жерге гүлзарлар отырғызып, жыл бойына күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу.
      • 14 млн.теңгеге Жайық жағалауын абаттандыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасын жасақтау;
      • 17 млн.теңгеге Исатай-Махамбет алаңын қайта жаңғыртудан өткізу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасын жасақтау;
      • 12,5 млн.теңгеге Нұрсая мөлтек ауданындағы 10 жылыту қазандығына сорғы құрылғыларын (насосных агрегатов) сатып алу;
      • 100 млн.теңгеге Атырау қаласындағы толықтай жасыл-желектерге санитарлы-көріктендіріп кесу жұмыстарын жүргізу;
      • 300 млн.теңгеге автокөлік жолы бойына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу;
      • 5 млн.теңгеге Балықшы-Жұмыскер мен Орталық автокөлік көпірлерін қайта жаңғыртудан өткізу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасын жасақтау;
      • 450 млн.теңгеге ұзындығы 219,8 шақырымды құрайтын 207 көшеге жоба-сметалық құжаттамасын жасақтау;
      • шамамен 25 млрд.теңгеге (нақты құны мемлекеттік сараптамадан өткен соң анықталады) ұзындығы 249,8 шақырымды құрайтын 311 көшеге тас жол төсеу;
      • 52 млн.теңгеге Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі 26  зиратты қоршау жұмыстарын бастау.
                       Гүлзада Қожабергенқызы        

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _     _____     _____     ____    
        ____    | || | ||  |__  //   |  ___||  |  _ \\  
       |    \\  | || | ||    / //    | ||__    | |_| || 
       | [] ||  | \\_/ ||   / //__   | ||__    | .  //  
       |  __//   \____//   /_____||  |_____||  |_|\_\\  
       |_|`-`     `---`    `-----`   `-----`   `-` --`  
       `-`                                              
      
       
      Наверх