Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 0:58
      Экономика 12.01.2017, 12:59 0 пікір 549 просмотров

      Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың жазасы қандай?

        Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыруға» қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


      Атап айтқанда, ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметін лицензиясыз жүзеге асыру – мүлкi тәркiленiп, 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сол себепті, Экономикалық тергеу қызметі Атырау облысының тұрғындарына заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысу және жасырын ойынханалар ашуға үй-жайларды жалға беру заңсыз екенін еске салады. Сондай-ақ, экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және анықтау мақсатында  Атырау облысы аймағындағы ұйымдастырылып отырған заңсыз ойын бизнесі туралы ақпаратты 8(7122) 35-42-09, 32-19-43 «сенім телефондарына» хабарлауға болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___     __   __    _____    __   __  
        ____      / _ \\   \ \\/ //  |  ___||  \ \\/ // 
       |    \\   | / \ ||   \   //   | ||__     \   //  
       | [] ||   | \_/ ||   / . \\   | ||__     / . \\  
       |  __//    \___//   /_//\_\\  |_____||  /_//\_\\ 
       |_|`-`     `---`    `-`  --`  `-----`   `-`  --` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх