Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:16
      Қоғам 12.01.2017, 18:53 0 пікір 425 просмотров

      Жақын күндері Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіледі

      Енді жаңа форматқа сай, түлектер сынақ тапсыруға міндеттелмейді. Тек жоғары оқу орнына түсушілер ғана тест тапсырады. Ал аттестат алу үшін түлектер мектепте өтетін емтиханға қатысады.


      Жалпы, осыған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу 12 жыл бойы оқушылардың білімін саралап келген болса, осы уақыт ішінде ҰБТ- ға република бойынша 1,5 миллион түлек қатысқан.

      Елімізде ҰБТ басталғалы бері сынақтан сүрінген түлектердің арасында қайғылы оқиғалардың орын алғаны да жасырын емес. Сондықтан республиканың барлық білім ошақтарында психологтар мектеп бітірушілермен жүйелі жұмыс та жүргізіп келеді.

      Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматының жобасы дайын дейді мамандар. Жаңа форматтың бұрынғы ҰБТ-дан айырмашылығы сол- ҰБТ атауы сақталғанымен, түлектер мектеп бітіру емтиханын және оқуға түсу емтиханын бөлек тапсыратын көрінеді. Сонымен қатар эссе жазады.

      Таңдау пәнінде де өзгешелік бар. Бұрын оқушы бейімдік пәнінің біреуін таңдаса, енді екеуін таңдайды. Мысалы, тарихты таңдаған оқушы қосымша география пәнінен сынақ тапсырады. Ал, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан өтеді.

      Айта кетейік, биыл Атырау облысы бойынша 4551 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшпақшы.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___      _____      ___     __   _   
       | |/ //   / _ \\   / ____||   / _ \\  | || | || 
       | ' //   / //\ \\ / //---`'  | / \ || | '--' || 
       | . \\  |  ___  ||\ \\___    | \_/ || | .--. || 
       |_|\_\\ |_||  |_|| \_____||   \___//  |_|| |_|| 
       `-` --` `-`   `-`   `----`    `---`   `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх