Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:50
      Қоғам 12.01.2017, 19:10 0 пікір 489 просмотров

      Атырауда жолаушылар тасымалына 170 автобус жетіспейді

      Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде  өткен брифинг кезінде Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев мәлімдеді.


      -       Қазіргі таңда тасымалдаушыларға автобус көліктері жетіспейді, ал қолданыстағы бар автобустар тез ескіруде. Бұл тасымал шығындарының өсуіне және қауіпсіздіктің төмендеуіне әкеледі. Ал, қазіргі экономикалық жағдайда жолаушы тасымалдаушылар өз күштерімен автобус парктерін жаңартуға қауқары жетпейді. Оған қоса жанар-жағармайдың, дөңгелектердің және қосалқы бөлшектердің бағасының күрт көтерілуі және әлеуметтік әлсіз қорғалған топтарға жеңілдіктердің сақталуы тасымалдаушылардың қызметі залалды болуына әкелуде. Осыған орай қала әкімдігі автобус паркін жаңарту арқылы жолаушы тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін көтеруге мүмкіндік беретін қажетті қадам ретінде әлеуметтік мәні бар бағыттарды субсидиялауды қарастырып жатыр,- дейді бөлім басшысы.

      Одан бөлек, Серікбай Қазиев жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында қала бойынша 250 дана автобустарға GPS-трекер және автоинформаторлармен қамтамасыз етіліп, негізгі аялдамаларға 20 дана ақпараттық табло орнатылғанын айтты. Оның сөзінше, автоматтандырылған навигация құрылғылары қоғамдық көлік қозғалысына бақылау жасауға, атап айтқанда автобустардың маршруттан шығып кету, шекті жылдамдықты асыру, жүріс кестесін бұзу фактілерін онлайн режимінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта 2016 жылдың 6 қазанында аталған жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында “Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты «Смарт Атырау» КММ диспетчерлік қызмет орталығы құрылған.

      -       «Смарт Атырау» мекемесі қоғамдық жолаушылар көлігінің қозғалысын навигация құрылғылары арқылы бақылаумен қатар, автобустардың жүру бағыттарын жоспарлау, жолаушы тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау, электронды билеттеу жүйесін енгізу, қоғамдық жолаушылар көліктерін жаңарту бойынша қызметтерді атқаруды жоспарлауда. Мекеменің негізгі қызметі жаңа технологияларды енгізу арқылы жолаушылардың қозғалысының жайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол- көліктік инфрақұрылымның жағдайын жақсарту болып табылады- дейді ол.

      Брифингте өткен жылы жасалған жұмыстарға тоқталған бөлім басшысының айтуынша, жергілікті бюджеттен қала көшелерін жарықтандыруға 161,3 млн теңге, шаһардың санитарлы ахуалын жақсартуға 722 млн. теңге бөлініп, толықтай  игерілген. Сондай- ақ, қала бойынша 1000 дана жол белгілері орнатылып, 137 көшеге  ұзындығы 86 шақырым жолға асфальт төселген.  Ал, жыл басынан бері, 18 тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 1215 атыраулық  қоныс тойын тойлаған.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____      _____   __   __   _    _   
        / ___//  |  ___||   / ___//  \ \\/ // | || | || 
        \___ \\  | ||__     \___ \\   \ ` //  | || | || 
        /    //  | ||__     /    //    | ||   | \\_/ || 
       /____//   |_____||  /____//     |_||    \____//  
      `-----`    `-----`  `-----`      `-`'     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх