Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 12:55
      Аймақ 16.01.2017, 14:47 0 пікір 421 просмотров

      Қуаты жоғары трансформаторлар орнатылмақшы

      Бұл жайында Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Атырау-Жарық» қалалық электр желілерінің бастығы Қуат Сисенғалиев баян етті.


      Қуат Сисенғалиевтің айтуынша, 2017 жылы 10/6/0,4 кВ кернеудегі жаңатылып қайта салу жұмыстары жүргізіледі. Жаңартылып қайта салу кезінде 10/6 кВ және 0,4 кВ кернеудегі тарату құрылғысындағы электр қондырғылары толықтай жаңасына ауыстырылады және трансформаторлық пункт ғимараты бұзылып, орнына жаңа ғимарат салынып, жаңа электр қондырғылары мен қуаты жоғарырақ күштік трансформаторлар орнатылмақшы.

      – Жаңартылып қайта салу кезінде тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен жабдықтау үшін уақытша 10/6/0,4 кВ кернеудегі жылжымалы трансформаторлық станса қойылады.

      Ағымдағы жылы көп жылғы жасақталған кестеге сәйкес, күрделі жөндеуден қосалқы стансалар өткізіледі.

      Қалалық электр жүйелері 2017 жылы қолданыстағы АС-35 маркалы 0,4 кВ кернеудегі әуе электр желісінің электр сымдарын – өздігінен жеткізуші заманауи оқшауланған электр сымдарына ауыстыруды жоспарлады.

      Қалалық электр жүйелері арнайы жасақталған кестеге сәйкес, 2017 жылы қолданыстағы 10 кВ және 0,4 кВ кернеудегі кабельді электр желілерін күрделі жөндеуден өткізетін болады, - деді Қуат Сисенғалиев.


      Арай Нұғманова

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __    _____    __   __   __   _   
       /_   _//  \ \\/ //  / ____||  \ \\/ // | || | || 
       `-| |,-    \ ` //  / //---`'   \ ` //  | '--' || 
         | ||      | ||   \ \\___      | ||   | .--. || 
         |_||      |_||    \_____||    |_||   |_|| |_|| 
         `-`'      `-`'     `----`     `-`'   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх