Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:05
      Аймақ 17.01.2017, 15:44 0 пікір 527 просмотров

      Жазасын өтегендер «сотталмаған» деген анықтама ала алады

      Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев айтып берді.


      Жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтама қызметін көрсету тәртібінің өзгеруі жөнінде хабарлаған Жәнібек Семғалиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында №816 Үкімет қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет Тізіліміне өзгертулер енгізілді. Қазақстан  Республикасы  Бас  прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеттің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» жаңа көрсетілетін мемлекеттік қызметі «Соттылықтың болуы  не  болмауы  туралы  анықтама  беруге» ауыстырылатын көрінеді.

      -      Жаңа нысан азаматтарға соттылық туралы анықтаманы оның

      жойылуын немесе алынып тасталуын ескере отырып беруді болжайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша Стандарт және  регламент  бекітілгеннен  кейін,  ол  «Азаматтарға арналған  Үкімет»  Мемлекеттік  корпорациясының филиалдарында (ХҚКО) және электронды үкімет порталы

      арқылы беріледі. «Мемлекеттік  қызметтер  туралы»  ҚР  Заңының 13-бабына сәйкес, стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне

      қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде әзірленеді және бекітіледі.

      Осылайша, 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке  тартылған  соттылықтары жойылған  немесе  алынып  тасталған азаматтар  анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болады, - деді Семғалиев мырза.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___     _    _     _____     ____    
       \ \\/ //   / _ \\  | || | ||  |  ___||  |  _ \\  
        \   //   | / \ || | || | ||  | ||__    | |_| || 
        / . \\   | \_/ || | \\_/ ||  | ||__    | .  //  
       /_//\_\\   \___//   \____//   |_____||  |_|\_\\  
       `-`  --`   `---`     `---`    `-----`   `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх