Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:55
      Қоғам 17.01.2017, 17:32 0 пікір 564 просмотров

      "Б" корпусы қызметшілерін аттестаттау қалай өткізіледі?

      Өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.


      Ондағы  мақсат - «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттау жөнінде жалпы негіздерді түсіндіру және өткізілу процесіне шолу жасау болды. Айта кетейік,  аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындығының деңгейін және атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін анықтау болып отыр. Кездесуде мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу деңгейлері жөнінде айтылды. Яғни, аттестаттауды өткізу үшін әрбір деңгейде тиісті аттестаттау комиссиялары құрылады. Бірінше деңгейде – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы, екінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдарда, оның ведомстволарында, орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларының әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары, үшінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ аудандар, қаланың аудандары және облыстық маңызы бар қалалары әкімі аппаратында құрылатын аттестаттау комиссиялары туралы толық түсінік берілді. Сондай-ақ, «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне немесе сот тәртібінде аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым бере алатыны ескертілді. Ал, аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен, аттестацияланушының қатысуынсыз қабылданбақ. Және дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____       ___      _____     ______            
      |  __ \\    / _ \\   /  ___||  /_   _//     ___   
      | |  \ ||  / //\ \\ | // __     -| ||-     /   || 
      | |__/ || |  ___  ||| \\_\ ||   _| ||_    | [] || 
      |_____//  |_||  |_|| \____//   /_____//    \__ || 
       -----`   `-`   `-`   `---`    `-----`      -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх