Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 9:11
      Экономика 17.01.2017, 17:36 0 пікір 457 просмотров

      Жол апатын жасаған жасөспірім амнистиямен босап шықты

       Атырауда ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына байланысты шыққан рақымшылық заңының негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылып жатыр.


      Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан) айыпталған 1999 жылы туылған жасөспірімге қатысты сотқа берілген  қылмыстық теріс қылық ісін қарады. Сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы жасаған қылмыстық теріс қылығын мойындап, 2016 жылдың қазан айында «Ford-Focus» маркалы автокөлігін басқарып, жол жүру қағидаларының ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы бағытында келе жатқан автокөлікке соқтығыс жасап, нәтижесінде жәбірленушіге орта дәрежелі дене жарақатын келтіргенін, жәбірленушіге келтірген зиянды толықтай өтегенін, өзара татуласқанын көрсетті. Сот сотталушы жасөспірімді Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық заңын қолданып босатты. Осылайша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.  


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___    __    __    _____    __   _   
      |      \\   / _ \\  \ \\ / //  |  ___|| | || | || 
      |  --  //  / //\ \\  \ \/ //   | ||__   | '--' || 
      |  --  \\ |  ___  ||  \  //    | ||__   | .--. || 
      |______// |_||  |_||   \//     |_____|| |_|| |_|| 
      `------`  `-`   `-`     `      `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх