Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 ноябрь 2017, 3:37
      Аймақ 17.01.2017, 18:05 0 пікір 450 просмотров

      Атырауда баға шарықтап барады

       Атырау облысының Статистика департаменті облыста қандай тауарлардың бағасы өскенін саралап шығарды.


      Атап айтқанда, баға өткен айда азық-түлік емес тауарларына  3,7 пайыз, ал, азық-түлік тауарларына  2,5 пайыз, сондай-ақ, ақылы қызметтерге  0,1 пайызға өскен. Өткен айда орташа баға өсімі көкөністерге, қайта өңделген немесе консервіленген балыққа  - 9,5 пайыздан, алкогольсіз сусындарға - 4,6 пайыз, балық  және теңіз өнімдеріне -  4,1 пайыз, сүт, ірімшік және жұмыртқаларға - 3,2 пайыз, жармаларға - 2,8 пайыз, етке - 2 пайыз, жемістерге - 1,6 пайыз, жарма өнімдеріне - 1,5 пайыз, күрішке - 1,1 пайыз,  алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдеріне - 1 пайыз, макарон өнімдеріне -  0,9 пайыз, май және тоң майларға - 0,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 0,6 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне - 0,5 пайыз, майонезге - 0,2 пайызға өскен екен. Сонымен қатар, баға  өсімі шыны бұйымдары, асхана және үйге қажетті құрылғыларға 4,9 пайыз, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника  және тұрғын жайды ұстау бойынша күнделікті қызметке - 3,8 пайыз, бензинге - 3,6 пайыз, дизелдік отынға - 3,4 пайыз, киім және аяқ киімге - 2,4 пайыз, автомобильдерге - 2 пайыз,  ұсақ аспаптар мен әр түрлі құралдарға - 1,6 пайыз өсіп отыр. Көрсетілетін қызметтер ішінде баға деңгейі әуе көлігінің қызметіне  9,2 пайыз, денсаулық сақтауға -  3,3 пайыз, жолаушылардың теміржол көлігіне - 1,2 пайызға өсті. Оған қоса бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына, машиналар мен жабдықтарға 0,3 пайыз өскен.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _              __   __    ____    
      | |  | || | || | ||   ____     \ \\/ //  |  _ \\  
      | |/\| || | || | ||  |    \\    \ ` //   | |_| || 
      |  /\  || | \\_/ ||  | [] ||     | ||    | .  //  
      |_// \_||  \____//   |  __//     |_||    |_|\_\\  
      `-`   `-`   `---`    |_|`-`      `-`'    `-` --`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх