Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 20:47
      Қоғам 18.01.2017, 13:45 0 пікір 520 просмотров

      Адам саудасы ертегі емес

      Бүгінде сарапшылар еліміздің сыртында ғана емес, ішінде де бұрын-соңды болмаған адам саудасы өршіп тұрғанын айтуда.


      Мамандар пікірінше, жыныстық  эксплуатация, мәжбүрлі еңбек, қарыздық құлдық, балалар еңбегін пайдалану, «үй жағдайындағы» құлдық, қайыршылық, қару-жарақ құрылымдарында адамдарды күштеп пайдалану, органдары мен тіндерін трансплантациялау үшін адам сату – адам саудасы қылмысының жантүршігерлік  түрлері. Ал, адам саудасының барлық түріне құрбандарды бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық пен қорқыту тән. Жалпы, адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көбінесе қылмыскерлер жастарды «айлығы жақсы жұмыс бар, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді екен. Сондықтан  мұндай қауіпке балалар мен жасөспірімдер, жастар көп ұрынатын көрінеді. Жоғарыда аталған қылмыс түрлері Атырау облысында тіркелмегенімен, прокуратура қызметкерлері сақтық шараларын жасауды ескертуде. Мысалы, шетелдік ұйымдар шетелде жұмыс ұсынысын жасаған болса, , құл сатушылардың «желісіне» түсіп кетпес үшін жан-жақты маман кеңестеріне жүгінген дұрыс. Оған қоса Атырау облысы прокуратурасында адам саудасымен байланысты құқық бұзушылық мәселесі  бойынша «сенім телефоны» - 27 07 85 және  «тікелей желі» - 75 43 03 байланысы жұмыс істейтінін еске саламыз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___     _    _      ___      ____    
        ____      / _ \\  | || | ||   / _ \\   |  _ \\  
       |    \\   | / \ || | || | ||  | / \ ||  | |_| || 
       | [] ||   | \_/ || | \\_/ ||  | \_/ ||  | .  //  
       |  __//    \___//   \____//    \___//   |_|\_\\  
       |_|`-`     `---`     `---`     `---`    `-` --`  
       `-`                                              
      
       
      Наверх