Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 1:00
      Қоғам 18.01.2017, 14:34 0 пікір 352 просмотров

      Тілге деген құрмет

      Қазіргі таңда Атырау өңірінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында жасалған ауқымды шаралар арқылы ана тілімізге деген құрмет артып келеді. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің беделі жоғары деңгейде. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы мемлекеттік қызметшілерді тілдерге оқытуда белсенді қызмет атқаруда.


      Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының тіл жөніндегі әдіскері Асима Жұмағалиева:

      -Орталық мемлекеттік қызметшілерге инновациялық технологияларды үйретуде, кәсіби біліктілігімен қатар, тілдік білім-білік дағдысын арттыруда Елбасының Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және «Үштұғырлы тіл» саясатын басшылыққа ала отырып, жұмыс бағыттарын жүргізеді. Қазақ, ағылшын және орыс тілдері бойынша дәріс беретін орталықтың мамандары мемлекеттік қызметшілерге тілдік курстармен қатар, курс барысында өтетін ашық сабақтар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесу кештерін ұйымдастырады. Сөйтіп, олардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ерекше ден қоюына ықпал етеді. «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу мен оның стандарттары» тақырыбындағы арнайы семинарлар, «ҚАЗТЕСТ-қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі» тақырыбындағы семинарлар, оқу бағдарламасына сай түрлі тақырыптарға арналған ашық сабақтар мемлекеттік қызметшілердің  бойында ана тіліне деген құрметін арттырып отыр.өңірлік орталық оқыту базасын дамыту, оны заманауи құралдармен, басқа да ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің білік дағдыларына қойылатын талаптарды бірегейлендіру және тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, - дейді.


       Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____    _    _      ___     __   _   
       / ____||  |  ___|| | |  | ||   / _ \\  | || | || 
      / //---`'  | ||__   | |/\| ||  | / \ || | '--' || 
      \ \\___    | ||__   |  /\  ||  | \_/ || | .--. || 
       \_____||  |_____|| |_// \_||   \___//  |_|| |_|| 
        `----`   `-----`  `-`   `-`   `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх