Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 17:59
      Қоғам 18.01.2017, 16:27 0 пікір 494 просмотров

      Қала қоқыстан қаншалықты таза?

      Атырау қаласы мен қалалық елді мекендердің тазалық жұмыстарымен айналысатын «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Самат Тұрниязовтың айтуынша, тазалық жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін бүгінде мекеменің бар жағдайы жасалуда.


      Брифинг барысында мекеме басшысы баяндағандай, қазіргі кезде мекеменің техникамен қамтылуы да басты назарда ұсталуда.

      -       Атырау қаласының күнделікті тазалығын сақтауда күні бүгін 22 бірлік арнайы

      қоқыс тасымалдайтын автокөліктер және 8 бірлік тіркемелі трактор, 14 жүк тасымалдау Камаз автокөліктері, 6 бірлік жүк тиегіш арнайы техникалары, шөп шабу қондырғылары мен жабдықталған 5 бірлік МТЗ-82 тракторлары, жүк көтергіш қондырғысымен жабдықталған 2 бірлік Камаз автокөліктері қазіргі таңда жұмыс жасауда.

                  Қар жауған кездерде қаланы қардан тазалауға күрекпен жабдықталған 5 бірлік Камаз, 5 бірлік Урал, 1 бірлік тұзды топырақ шашатын Камаз автокөлігі, тұзды су ерітінділерін көпірлер мен көшелерге шашатын 4 бірлік су құйғыш күректерімен жабдықталған, 3 бірлік ГАЗ-53 автокөліктері, 2 бірлік арнайы жол қырғыш техникалары, 3 бірлік жолдарды қардан аршитын арнайы техникалар, 1 бірлік арнайы үйінді қарларды тиегіш автокөліктері, қар тазалауға арналған күрек, щеткаларымен 10 бірлік және 3 бірлік тәулік бойы жұмыстар атқарады.

      Күз, көктем айларында қаланы судан тазалау мақсатында 13 бірлік су алғыш автокөліктері (вакуумдер) күні бүгін жұмысқа дайын. Техникалар жетпеген жағдайда келісім шарт негізінде, «Атырау Су Арнасы» КМК, «Вест Дала», жеке кәсіпкерлер қосымша жұмылдырылады, - деді мекеме басшысы.

      Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйек айында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Арнаулы автобаза» ЖШС-іне арнайы келіп, жұмыспен, техника түрлерімен танысып, жұмысшылармен жүздескен еді. Сол кезде аталған серіктестікте бар болғаны 12 арнайы қоқыс тасымалдайтын техника (мусоровоз) күнделікті тазалық жұмыстарын атқарған. Жүргізушілер мен жұмысшылар саны жалақының аздығына байланысты да жеткіліксіз болған. Сол себепті де қаланың тазалығы сын көтермеді. Тазалық жөнінде 800-дей фотосуреттер ватсап арқылы (горячая линия) келіп тұрды. Тұрмыстық қатты қалдықтар 3-4 маусыммен шығарылды. Осылай деген мекеме басшысы Самат Тұрниязов облыс әкімінің қамқорлығы аясында мекемеге қосымша техникалар алынып, жол жұмысшылары мен жүргізушілердің жалақысы мен саны артқандығын баса айтты.

      -       10 бірлік қоқыс тасымалдайтын Камаз-53605КО 440В автокөліктері алынды.

      Жол жұмысшыларының айлық еңбек ақылары 77000-ға, автокөлік жүргізушілер саны 125 адамға көбейіп, айлықтары 90000 теңгеге көбейтілді, - деді.

      Сондай-ақ Самат Қуанышұлы 2013 жылы 500 контейнер, 2014 жылы 1500 контейнер, 2016 жылы 632 дана контейнер орнатылғандығына тоқталып, биылғы жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі арқылы 1000 дана контейнер алу мәселесі қолға алынуда екендігін айтты.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _    __   __   _    _     ______    _____   
       | \| ||  \ \\/ // | |  | ||  /_   _//  / ____|| 
       |  ' ||   \ ` //  | |/\| ||   -| ||-  / //---`' 
       | .  ||    | ||   |  /\  ||   _| ||_  \ \\___   
       |_|\_||    |_||   |_// \_||  /_____//  \_____|| 
       `-` -`     `-`'   `-`   `-`  `-----`    `----`  
                                                       
      
       
      Наверх