Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 12:56
      Аймақ 18.01.2017, 17:53 0 пікір 462 просмотров

      2016 жылы 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асты

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған баспасөз хабарламасына сүйенсек, 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылған.


      Аталған баспасөз хабарламасында: «Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар.

       «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.

      Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді» делінген.


       

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     ______     _____    ______     _____  
       | \| ||  /_   _//   / ___//  /_   _//   / ___// 
       |  ' ||   -| ||-    \___ \\   -| ||-    \___ \\ 
       | .  ||   _| ||_    /    //   _| ||_    /    // 
       |_|\_||  /_____//  /____//   /_____//  /____//  
       `-` -`   `-----`  `-----`    `-----`  `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх