Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:07
      Экономика 19.01.2017, 12:12 0 пікір 799 просмотров

      ҚР Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді?

       Кеше, 18 қаңтар күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар өткізілді. Салық және Кеден кодексіне енген өзгерістер мен толықтырулар жайын сөз еткен шарада департаменттің басқарма басшылары және бөлім жетекшілері ірі салық төлеушілер мен шетелдік қаржыланрдыру мониторингі жөнінде, ҚҚС қайтарымы мен декларация тапсырудың ережесі мен бюджет төлемдері жайлы, басқа да көптеген салаға қатысты толық ақпарат берді. Сонымен, 2017 жылдың 1 қаңтарынан ҚР Салық кодексіне қандай маңызды өзгерістер енгізілді? Атырау облысы бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмыс басқармасы берген мәлімет бойынша


      Салық кодексінің 155 бабының 3 тармағының 29-3 тармақшасы енгізілді, оған сәйкес, жеке тұлғалардың ипотекалық займдарын қайта қаржыландыру Бағдарламасына сай алынған табысы жеке табыс салығынан босатылады,

      Жалпыға бірдей декларацияландыру бір мезгілде 2020 жылы басталады, алдыңғы жоспарда:
      2017 жылы – мемлекеттік қызметшілер, судьялар, ұлттық компаниялардың басшылық қызметкерлері, ал 2020 жылдан – барлық жеке тұлғалар деп қаралған болатын.
      Сонымен қатар, қолдағы акша көлемі, дебиторлық, кредиторлық бережақтар, декларацияда корсетілетін басқа да мүліктер, активтер мен міндеттемелер көлемі 160 АТЖ (3900 000 теңгеден) 500 АТЖ (12 000 000 теңгеге) дейін көтерілді.
      Декларацияны мезгілінде тапсырмағаны үшін айыппұл 30 АЕК-нен 3 АЕК-не дейін азайтылды.

      Халықаралық салық салу заңнамаларын қолдану үшін алынатын резиденттік  сертификат электрондық документтің қағаз жүзіндегі  көшірмесі ретінде қолдануға болады, егерде шетелдік уәкілетті органның  интернет-порталынан алынса.

      4. Электрондық сигареталарға акциз салынатын болды.
      Салық  төлеушілердің, мүлік салығы бойынша Салық базасын ХҚЕС (МСФО) бойынша анықтау мүмкіндігі 2019 жылға ауыстырылады.

      Салық кодексіне 661-1 бабы енгізілді. Оған сәйкес, салық органдары жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік салықтарынан берешек сомаларын төмендегідей хабарлайды:
      Интернет – ресурстары арқылы;
      Коммуналдық қызмет көрсетушілердің есептеу құжаттары арқылы;
      Салық төлеушінің электрондық мекен-жайына жолдау арқылы;
      Ұялы телефондарына СМС-хабарламалар жолдау арқылы, егер салық төлеуші нөмірін хабарлаған болса.

      ДК (дара кәсіпкерлер) хабарлама беру арқылы тіркеледі. Демек, ДК тек салық органдарына кәсіпкер болғандығын хабарлайды.

      Салық төлеушілерге қосылған құн салығын төлеуші болып тіркелу айналымы сатылап азайтылады:
      2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін айналым – 30000 АЕК мөлшерінде;
      2018 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін  айналым – 25000 АЕК мөлшерінде;
      2019 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін айналым – 20000 АЕК мөлшерінде;
      2020 жылдың 1 қаңтарынан – 15000 АЕК мөлшерінде.

      Салық кодексінің 37-2 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына енгізілген қосымшаға сәйкес, таратылатын ДК ЖЖТ (жылдық жиынтық табысының) мөлшерін 60000 АЕК-тен 120000 АЕК-ке дейін көтеріп, салық тексерулер мүмкіндігін аудиторлар арқылы жүргізуге рұқсат етілген.
       
      «Бастапқы» тексеру акті деген ұғым енгізілді, салық төлеуші тексеру қорытындысымен келіспеген жағдайда. Бұл салық төлеушілердің өз құқығын мемлекеттік кіріс органдарынын алдында қорғауға үлкен мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанында Аппеляциялық комиссия құрылды. Бұл комиссияда салық төлеушілердің тексеру қорытындысы бойынша берген арыздары, немесе уәкілеттік органның заң бұзушылықты жоюға берген хабарламалары бойынша арыздары қаралады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____     ______    ______    ______  
       \ \\/ //  |  ___||  /_   _//  /_   _//  /_____// 
        \   //   | ||__      | ||     -| ||-   `____ `  
        / . \\   | ||__     _| ||     _| ||_   /___//   
       /_//\_\\  |_____||  /__//     /_____//  `__ `    
       `-`  --`  `-----`   `--`      `-----`   /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх