Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:33
      Аймақ 20.01.2017, 12:06 0 пікір 488 просмотров

      Атырауда сотталушы рахымшылықтан бас тартты

       Сот отырысында сотталған Е.Қанатовтың өзіне қатысты рақымшылық заңын қолдануға неге қарсы болғаны белгісіз.


      Атырау облысының Исатай аудандық соты аудандық пробация қызметі бөлімінің сотталған Е.Қанатовтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының талаптарына сай жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту туралы ұсынысты қарады.Өйткені, аудандық пробация бөлімі Е.Қанатовтың өтелмеген 4 ай 28 күн мерзімінің төрттен бір бөлігін қысқарту туралы ұсыныспен жүгінген. Жалпы, сотталушы  Исатай аудандық сотының 18 наурыз 2014 жылғы үкімімен ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған болатын. Бірақ, сот отырысында ол өзіне қатысты рақымшылық заңын қолдануға қарсы екенін көрсетті. Нәтижесінде аудандық соттың қаулысымен пробация қызметінің ұсынымы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабының 7-бөлігінің талаптарына сай қанағаттандырудан бас тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    ______     ___      _____   
      | |  | ||  \ \\/ //  /_   _//   / _ \\   / ____|| 
      | |/\| ||   \ ` //     | ||    | / \ || / //---`' 
      |  /\  ||    | ||     _| ||    | \_/ || \ \\___   
      |_// \_||    |_||    /__//      \___//   \_____|| 
      `-`   `-`    `-`'    `--`       `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх