Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 сентября 2018, 20:13
        Қоғам 20.01.2017, 12:10 0 пікір 912 просмотров

        Атырауда өткен Шоқыну мейрамына 2000 адам қатысты

        Діндар христиандар үшін 19 қаңтар - Құдайға шоқыну мейрамы. Бұл күні еліміздегі барлық шіркеулерде құлшылық жасалып, сумен дұға айтылады. Кеше Атырау қаласында да дәстүрлі православ діни салт - жоралғылардың бірі аталып өтілді.


        Атырау облысы Төтенше жаңдайлар депатаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Атырау облысының ТЖД инспекторлық құрамымен, ІІД жеке құрамы, Батыс өңірлік аэроұтқұр жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен түнгі уақыттарда кезекшілік ұйымдастырылған.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке құрамнан 30 адам, 10 бірлік жедел автокөліктер жұмылдырылды.  Ал, Атырау қаласында ойыққа шомылу үшін Жайық өзенінен 3 орын белгіленді. Олар -  Тұрғындар қалашығы аумағындағы «Малибу» жағажайында, суда құтқару стансасы орналасқан аумақта және «Мечников-Баймұханов» көшесі бойындағы автокөлік көпірі. Жалпы, облыс бойынша шомылу үшін 9 орын белгіленді. Арнайы жабдықталған ойықтарға шомылу рәсімі кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұрады. «Мереке күні шамамен 2000 адам суық суға шомылып, рәсімге қатысты,- деген ақпарат таратты баспасөз қызметі.


        Гүлзада Қожабергенқызы

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____    __   __   _____       ___     _    _   
         |__  //   \ \\/ // |  __ \\    / _ \\  | || | || 
           / //     \ ` //  | |  \ ||  | / \ || | || | || 
          / //__     | ||   | |__/ ||  | \_/ || | \\_/ || 
         /_____||    |_||   |_____//    \___//   \____//  
         `-----`     `-`'    -----`     `---`     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх