Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:39
      Аймақ 20.01.2017, 14:16 0 пікір 435 просмотров

      Есболдықтарды енді не алаңдатады?

      Округте жасалған жұмыс жетерлік, алайда алда тұрған міндеттер де орасан зор. Бұл жайында Есбол ауылдық округі әкімінің кеше өткен тұрғындар алдындағы есебі кезінде айтылды.


       

      Осы кезге дейін Индер ауданына қарасты Есбол ауылының тұрғындарын мәдениет үйінің жоқтығы, балабақша ғимаратының жағдайы қатты алаңдатып келді. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бүгінде оң шешімін тапты. Округте сәні мен салтанаты келіскен мәдениет үйі салынып жатыр. Ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Балабақша да күрделі жөндеуден өткен. Тұрғын үйлер толықтай ауыз сумен қамтылған. Ауылда атқарылып жатырған жұмыстарды көрген ағайын да әкімдерінің есеп беру жиынына ризашылық ниетпен келді.

      Халық алдында сөз алған округ әкімінің айтуынша, 2016 жылы  тұрғындардың өз күшімен жаңадан салынған  5 үй қабылданып, пайдалануға берілді. «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша Есбол ауылынан 4 млн. 647 мың теңге бөлініп, балалар ойын алаңы жасақталды.

          Қазіргі уақытта «RВМ» компаниясымен Есбол және Ынтымақ  ауылдарының бас жоспарлары жасақталып, жаңадан бой түзеген көшелерге инженерлік инфрақұрылым жұмыстары бойынша су, газ және электр желілеріне жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуға қаражат көздері  қарастырылуда. Осылай                      деген округ әкімі Ерлан Қалиев алдағы уақытта Есбол ауылының  ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстарының құжаттарын жасақтау бағытында жөндеуге тартылатын көшелердің мемлекеттік актілері алынып, 7 шақырымдық жол салу құжаттары жасақталып жатырғандығын айтты. Жазғы су мәселесін шешу мақсатында тиісті қаражат қарастырылуда, ағымдағы 2017 жылы шешімін табады деген уәдесін берді. Сондай-ақ алға қойылған басты міндеттердің бірі –

      ауыл шаруашылығын өркендету мақсатында «Алтын асық» бағдарламасын одан әрі жандандырып, көлемді көрсеткіштерге жету және   шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту екендігіне тоқталды.

      Жиын барысында сөз алған тұрғындар ауылдық округ әкімінің жасап жатырған жүйелі жұмыстарына оң бағасын берді.  


       

         Арай НҰҒЫМАНОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____    _    _     ______  
      | || | ||   / _ \\   |__  //  | || | ||  /_____// 
      | || | ||  / //\ \\    / //   | || | ||  `____ `  
      | \\_/ || |  ___  ||  / //__  | \\_/ ||  /___//   
       \____//  |_||  |_|| /_____||  \____//   `__ `    
        `---`   `-`   `-`  `-----`    `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх