Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 23:07
      Аймақ 23.01.2017, 16:54 0 пікір 446 просмотров

      Арақ пен темекі акциздері өсті

      Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда алкоголь өнімдері мен темекі акцизінің айтарлықтай өсетіні мәлім болған еді. 


      Оны биылғы жылдан бастап 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланған болатын.
      Бұл бағытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң қабылданды. Ол бойынша ішімдіктің 1 литрі үшін акциз мөлшері 85 пайызға, темекінің 1000 данасы үшін 74 пайызға дейін өседі. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Ақтоты Тойбазарованың айтуынша,  отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың денсаулыққа зиян тауарларды тұтыну мөлшерін азайту мақсатында Салық кодексінің 280-бабының 4 бөлімі, 1 тармақшасына өзгерту енгізілген. Онда алкоголь өнімдеріне (коньяк, бренди, шарап, сыра және сыра сусындарынан басқа) 2017 жылы алкогольдік өнімнің 1 литрі үшін акциз мөлшері 2000 теңге көлемінде белгіленді.  Ол 2018 жылы – 2272 теңге, 2019 жылы салық 2550 теңгеге дейін өседі. Ал, сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін акциз 2017 жылы – 39 теңге, 2018 жылы – 48 теңге, 2019 жылы – 57 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұған қоса, темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін 2017 жылы 6200 теңге, 2018 жылы – 7500 теңге, ал, 2019 жылы 8700 теңге мөлшерінде салық салынады.


       Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      ______   __   __   ______   
       /  ___||   / _ \\   /_   _//  \ \\/ // |      \\ 
      | // __    / //\ \\  `-| |,-    \ ` //  |  --  // 
      | \\_\ || |  ___  ||   | ||      | ||   |  --  \\ 
       \____//  |_||  |_||   |_||      |_||   |______// 
        `---`   `-`   `-`    `-`'      `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх