Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 23:05
      Аймақ 24.01.2017, 16:56 0 пікір 469 просмотров

      Доссор кентінде 77 жылдық тарихы бар колледж ғимараты жаңарып, пайдалануға берілді

      Жөндеу жұмыстарына 65 миллион теңге бөлінген Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне күрделі жөндеу жұмыстарын «Эра» медігерлік компаниясы жүргізді. 


      Белгілі болғанындай, аталған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айының соңында аяқталған. Жалпы, колледждің ірге тасы 1940 жылы қаланыпты. Негізі, 77 жылдық тарихы бар колледждің кейбір бөліктеріне болмаса, бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген екен. Тек күрделі жөндеуден кейін ғана бүгінде сәулетті де еңселі кейіпке енген колледждің сыртқы көрінісі де, ішкі безендірілуі де адам танымастай өзгерген. Яғни, ғимараттың шатыры мен едені, қабырғасы мен есіктері толықтай жаңарған. Колледж әкімшілігі болса, жөндеу жұмыстарының жоғары деңгейде жасалғандығын айтып отыр.

      Айт кету керек, қазіргі таңда Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 300-ге жуық студент білім алуда.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______    ______   _    _     ______  
       /  ___||  /_   _//  /_   _// | || | ||  /_____// 
      | // __     -| ||-     | ||   | || | ||  `____ `  
      | \\_\ ||   _| ||_    _| ||   | \\_/ ||  /___//   
       \____//   /_____//  /__//     \____//   `__ `    
        `---`    `-----`   `--`       `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх