Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 0:56
      Қоғам 24.01.2017, 16:59 0 пікір 439 просмотров

      Атырау жүк тасымалы бөлімшесі пайдалану жүк айналымында ел бойынша үшінші орынға шықты

      Жарты ғасырдан аса тарихы бар «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның филиалы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі аймақтың дамуына айырықша үлес қосып келеді. Оның әсіресе, облыстың индустриялық- инновациялық жобаларының жүйелі жүзеге асуына көрсетіп отырған көмегі ұшан-теңіз. Өткен жылдың он екі айы бойынша ұлттық компанияның шығарған қорытындысымен, барлық көрсеткіштер бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген Атырау жүк тасымалы бөлімшесі үшінші орынды иеленді. 


          Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, өткен жылы пайдалану жұмысына байланысты негізгі көрсеткіштердің бәрі дерлік ойдағыдай орындалған. Дүние жүзін дағдарысқа тіреген экономикалық қиындықтарға қарамастан, пайдалану жүк айналымы 105,4 пайызға орындалып, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда асып түскен. Ол өз кезегінде техникалық жоспарға 101,8 пайызды құрады. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 103,1 пайыз болды.

      ДА жоспарына жүк вагондары паркі пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да  анағұрлым жоғарылады. Атап айтқанда, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 136,8 пайызға орындалды, былтырғы жылы ол 122,6 пайыз болатын. Жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 132,3 пайызға жетті (былтырғы жылы 119,3 пайыз). Сонымен қатар, жүк вагондарының бос жүрісінің тиелгенге қарағандағы пайызы жоспарға 102,6 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,9 пайызға жетті- соның салдарынан вагонның динамикалық жүктемесі жоспарға 102,4 пайызға орындалды (былтырғы жылы 101,4 пайыз).

      Одан бөлек, өткен жылдың қорытындысымен вагонның техникалық станцияда бос тұруының орташа ұзақтығы 2,12 сағатқа (былтырғы жылға 1,75 сағатқа) қысқартылып, вагонның бір жүк операциясында бос тұруының орташа ұзақтығы жоспарға 9,87 сағатқа (былтырғы жылға 4,16 сағатқа қысқартылды) кеміді. Соның салдарынан жергілікті вагон айналымының орташа уақыты жоспарға 4,4 пайызға, былтырғы жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға, жұмыс вагоны айналымының орташа уақыты жоспарға 27 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға жеделдетілді.

      Бөлімше бойынша локомотив паркі пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы да жоспарға жоғарылады. Нақтырақ айтар болсақ, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға 101,4 пайызға (былтырғы жылы 100,9 пайыз), локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі жоспарға 100,3 пайызға (былтырғы жылы 100,7), поездың орташа салмағы жоспарға 101,2 пайызға (былтырғы жылы 100,4 пайыз), жүк поезы қозғалысының орташа учаскелік жылдамдығы жоспарға 100,7 пайызға, (былтырғы жылы 100,8 пайызды құрады, жүк поезы қозғалысының орташа  техникалық жылдамдығы да жоспарға 100,5 пайызға орындалды (былтырғы жылы 100 пайыз).

              Сонымен қатар, болат жолдың берекелі қызмет етуіне бағытталған өткен жылдың 12 айында қойылған міндеттер толығымен орындалды. Мәселен, негізгі КРІ көрсеткіштері толықтай жоспардан жоғары болды. Жүк операциясында және де жүріс уақыты 5 тәулікке дейн қысқартылды, ал ол КТТ АҚ- ның вагондарын шұғыл түрде жеткізу, түсіру және жөнелту іс- шаралары орындалғандықтан еді. Жүк станцияларында жүк алушы және жүк жөнелтушілердің жүктерін уақытында ақпарат берілу, жүк тиеу жоспарларын, вагондарды уақытында апарып беру секілді жұмыстар да атқарылған.

             Өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев бөлімшенің жемісті еңбегі- салаға бөлінген көп көңілдің арқасы екенін айтады.

      -       Бүгінгі таңда Атырауда мұнай өнімдері немесе қауіпті зиянды жарылғыш заттар қала ішіне кіргізілмей, сыртпен, Теңдік стансасы арқылы мұнай зауытына тасымалдануда. Соған байланысты, өткен жылы Теңдік стансасында «РТИ Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынды. Станса ғимаратында қайта құру жұмыстары жүргізілді. Жаңадан салынған аталған стансада 86 жаңа жұмыс орындары ашылды. Осының бәрі біздің өткен жыл бойынша табысты мекеме болып танылуымызға себепші болды.

      Жалпы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бұл жетістігі- біздегі қызмет ететін әр темір жолшының еңбегі екенін мойындау керек. Сондықтан өткен жылдың қорытындысын жариялау кезінде ұлттық компания біздің бөлімшені үшінші орында деп танығаннан соң, барлық бөлімшелер басшыларын жиын өткізіп, олардың әрқайсысына бағынышты жұмысшыларына алғысымды жеткізуді өтіндім.

      Өз кезегінде темір жол саласына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық қолдаулар жасалуда. Сол себептен де ел экономикасын дамыту үшін сапалы, жүйелі, табысты жұмыс атқаруға, жүк және жолаушы тасымалын көбейтуге біздің Атырау жүк тасымалы бөлімшесі қызметкерлері бар күшін сала бермек,- дейді Б. Беркімбаев. 

      Мінеки, болашағы- жарқын, бағыты- айқын Атырау жүк тасымалы бөлімшесі облыстың экономикалық дамуына үлесін қосып, алдыңғы қатардан көрініп келетінін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Сондықтан да атыраулық теміржолшылар қызметі әрқашан сұранысқа ие болып қала бермек.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      фотолар автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     _    _      ___      _____   
       | |/ //   / _ \\  | \  / ||   / _ \\   / ____|| 
       | ' //   | / \ || |  \/  ||  / //\ \\ / //---`' 
       | . \\   | \_/ || | .  . || |  ___  ||\ \\___   
       |_|\_\\   \___//  |_|\/|_|| |_||  |_|| \_____|| 
       `-` --`   `---`   `-`  `-`  `-`   `-`   `----`  
                                                       
      
       
      Наверх