Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:22
      Аймақ 25.01.2017, 11:19 0 пікір 488 просмотров

      «Зарослый» мен «Талқайраннан» жер беріледі

       Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз орталығынрда өткен брифингте Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Кәкім Шалтанов айтып берді.


      Оның берген мәліметінше, бүгінгі күні тұрғын үй құрылысын салу үшін 80 127 адам жер учаскесін сұрап, арызданған екен.  Оның ішінде қала бойынша 56 669, ауылдық округтері бойынша 23 458 арыз бар.
      -2016 жылы жеке  тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған 654 азаматтың 1999-2003 жылғы өтініштері  қалалық әкімдік жанынан құрылған  «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай үшін жер учаскесін сұраған азаматтарды өтініштерін қарау, кезекке алу және бөлу, жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту рұқсат беру» жұмысшы комиссиясында қаралып, қанағаттандырылды. Ал, биыл бұрын дайын болған, коммуникация желілері жүргізілген «Зарослый», «Талғайран» тұрғын үй алаптарынан және Жаңаталап, Атырау ауылдарынан барлығы 2092 жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бөліп беру жоспарланып отыр. Осы ретте, «Интегро кешендік ақпараттық жүйелер» ЖШС-мен жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың өтініштерінің жалпы тізіміне бірыңғай кезектілік базасы жасақталуда. Аталған базасын іске қосу мақсатында бүгінгі күні  жалпы кезектілікке түбегейлі түгендеу, яғни кезекті жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, - деді бөлім басшысы. Айта кетейік, өткен жылғы 29 қарашадағы №749 Үкімет қаулысымен бекітілген Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта қалаға қарасты ауылдық округтер аумағынан жылына 3000 жер учаскесін бөлу көзделіп отыр. Бұл жоспар құрылыс жобаларын дайындауға және инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізуге қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылмақ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____     _____      ___              
      | \  / ||  |  ___||  |__  //    / _ \\    ____    
      |  \/  ||  | ||__      / //    | / \ ||  |    \\  
      | .  . ||  | ||__     / //__   | \_/ ||  | [] ||  
      |_|\/|_||  |_____||  /_____||   \___//   |  __//  
      `-`  `-`   `-----`   `-----`    `---`    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх