Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:01
      Қоғам 25.01.2017, 12:53 0 пікір 703 просмотров

      НКОК мектеп пен ауруханаға көлік сыйлады

       Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Атырау облысының Мақат және Исатай аудандарындағы, сонымен қатар Атырау қаласындағы мектептер мен ауруханаларға үш мектеп автобусын және екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.


      Мақат ауданының шалғай селолық округтарында тұратын мектеп оқушылары енді сабаққа жаңа автобустармен қатынайтын болады. Алдымен Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Бәйгітөбе мектеп-балабақша кешеніне және Доссордағы Сабыр Шәріпов атындағы мектеп-интернатқа жаңа автобустар сыйға тартылса, аптаның соңына дейін Атырау қаласындағы Бесікті жалпы білім беру мектебіне де жаңа автобус табыс етіледі. 22 орындық «ПАЗ» маркалы автобустарды өңірге НКОК компаниясы жеткізді. Жаңа автобустар қажетті керек-жарақтың барлығымен, атап айтқанда: сенімді есіктермен, жеке сақтандыру белдіктерімен, дауыс зорайтқыш құралмен, арнайы ескерту белгілерімен, стикерлермен және шұғыл белгі беру батырмасымен жарақталған. Сонымен бірге автобуста балалардың арқаға асатын сөмкелеріне арналған багаж сөрелері орнатылған. Ал, алдыңғы есіктің қосымша басқышы автобусқа кішкентай баланың мінуіне көмектеседі. Көлік кілттерін табыс ету салтанатты шарасында НКОК мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және сыртқы байланыс жөніндегі менеджер Серік Идранов:
      -Мектептердің көлікке мұқтаж екенін білгеннен кейін біз көмектесуді ұйғарып, жаңа автобустар сыйлау туралы шешім қабылдадық. Солтүстік Каспий Консорциумы қоғамның белді мүшесі және әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттің бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Соңғы 18 жыл ішінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында тек әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға 500 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлініп, 165-тен астам жоба жүзеге асырылды, -деп атап өтті. Сонымен бірге НКОК компаниясы Исатай аудандық ауруханасына  УАЗ  396295 маркалы екі жедел жәрдем көлігін сыйлады. Енді аурухана жергілікті 27 мыңға жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, оған қоса тұрғындардың жедел жәрдем күту уақытын едәуір қысқартатын болды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______     ______   _    _     ______    _  __  
      |      \\  /_   _// | |  | ||  /_   _//  | |/ // 
      |  --  //   -| ||-  | |/\| ||   -| ||-   | ' //  
      |  --  \\   _| ||_  |  /\  ||   _| ||_   | . \\  
      |______//  /_____// |_// \_||  /_____//  |_|\_\\ 
      `------`   `-----`  `-`   `-`  `-----`   `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх