Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:59
      25.01.2017, 15:00 0 пікір 390 просмотров

      Түзеу мекемесінде білім қалай беріледі?

      Бүгінде Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрінің  2014 жылғы «18» тамыздағы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес, барлық түзеу мекемелерінде жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта Атырау облысында жеткен жетістіктер мен өзекті мәселелер қандай?


      Осы жайттарды сарапқа салған «дөңгелек үстел» басында Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 және УГ-157/11 мекемелері жанындағы мектеп пен колледжде оқитын жаза өтеушілердің білім деңгейі жайлы сөз болды. Шараға Атырау облыстық білім басқармасының техникалық кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қапсиық, Атырау облыстық білім басқармасының жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері Н.Жайкина және УГ-157/9 және УГ-157/11 мекемесі жанындағы мектеп пен колледж директорлары қатысты. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет капитаны  Ж.Утаралиеваның айтуынша, УГ-157/9 мекемесінің жанынан кәсіптік-техникалық колледж мекеменің режимдік аймағындағы бөлек ғимаратта орналасқан. Колледж кабинеттермен, оқу құралдарымен, үстелмен, орындықтармен және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Онда 4 мамандық бойынша білім береді, яғни автокөлік жөңдеу слесарь бойынша - 18, электргазбен дәнекерлеуші бойынша – 26 сотталған білім алса, құрылысшы мамандығын - 25, тігіншілікті - 18 жаза өтеуші меңгеріп жатыр. Жалпы, 2015-2016 оқу жылында мекеме аумағындағы колледжде 61 сотталғандар- автокөлік жөңдеу слесарь, электргазбен дәнекерлеуші, құрылысшы, тігінші мамандықтары бойынша оқуларын аяқтап, дипломдарын алған. Ал, УГ-157/11 мекемесінде деоқу бөлмелері барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мекеме жанындағы колледжде 4 мамандық, яғнишаштараз, аспазшы, кондитер, тігіншілікбойынша жалпы 51 сотталған білім алуда.Өткен оқу жылында осы колледжде 37 сотталғандар жоғарыда аталған  мамандықтар бойынша диплом алған. Бұған қоса, департаментке қарасты УГ-157/9 және УГ-157/11 мекемелерінде сотталғандарға жалпы орта білім беретін мектептер ашылған. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару кодексінің 127-бабының 1 бөліміне сәйкес, мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді міндетті түрде алу ұйымдастырылады. Нәтижесінде УГ-157/9 мекемесінде барлығы – 47 оқушы білім алса, оның 38-імемлекеттік тілде оқиды. Сондай-ақ, УГ-157/11 мекемесінде білім алып жатқан 21 оқушының   8-нің жасы отыздан асып кеткен. Сонда да біліммен қамтылып, мемлекеттік тілде оқытылуда. Ұйымдастырылған    шара барысында УГ-157/9 және УГ-157/11 мекемесі жанындағы мектеп пен колледждерде оқитын жаза өтеуші сотталғандардың оқу барысында туындайтын өзекті мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___     _    _      ___      _____   
      | || | ||   / _ \\  | |  | ||   / _ \\   |__  //  
      | || | ||  / //\ \\ | |/\| ||  / //\ \\    / //   
      | \\_/ || |  ___  |||  /\  || |  ___  ||  / //__  
       \____//  |_||  |_|||_// \_|| |_||  |_|| /_____|| 
        `---`   `-`   `-` `-`   `-` `-`   `-`  `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх