Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 6:21
      Экономика 26.01.2017, 12:18 0 пікір 382 просмотров

      Ақша үшін зейнеткерді өлтірген

       Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өліміне қатысты істі қарады.


      Тергеу ісі анықтағандай, қылмыскерлер К.В. мен Е.Х. өткен жылдың маусым айында бірге отырып, ішімдік ішкен. Арақтары таусылған соң, сатып алуға ақша таппай, көрші үйде тұратын зейнеткерді тонамаққа бекінеді. Өйткені, оның жинаған ақшасы барын біледі. Осылай жоспар құрған К.В. қолына темір алып, көршінің есігін қағады. Көрші қарт есігін ашқан бойда қылмыскер қолындағы темірмен оның аяғынан ұрып құлатып, басынан бірнеше соққы жасайды. Зейнеткер құлаған жерінде қайтыс болады. Ойларын іске асырған екеу үй ішінен 100 мың теңге мен банкомат карточкасын алып, іздерін суытқан. Бірақ, олар жазадан құтылмады. Осындай жантүршігерлік қылмыс жасаған К.В. 16 жылға бас бостандығынан айырылса, қылмысты жасырған Е.Х. 3 жыл арқалады. Сот үкімі заңды күшіне енді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _     ______    ______    ______  
       \ \\/ // | || | ||  /_____//  /_   _//  /_   _// 
        \   //  | || | ||  `____ `    -| ||-     | ||   
        / . \\  | \\_/ ||  /___//     _| ||_    _| ||   
       /_//\_\\  \____//   `__ `     /_____//  /__//    
       `-`  --`   `---`    /_//      `-----`   `--`     
                           `-`                          
      
       
      Наверх