Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:22
      Қоғам 27.01.2017, 11:01 0 пікір 500 просмотров

      Темір жолда- балалар

      «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы  отбасы үлгісіндегі  «Шаңырақ» балалар үйінің  тәрбиеленушілері  үшін  «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының Атырау жүк тасымалы филиалы бөлімшелеріне  экскурсия ұйымдастырды. Шара барысында болашақта темір жолшы мамандығын таңдағысы келетін балалар үйінің 9-11 сынып оқушылары шойын жолдың қыр-сырынан толық мағлұматтар ала алды.


      Жалпы, экономиканың күре тамыры саналатын темір жол саласының мемлекетіміздің дамуы бағытындағы үлесі осы саладағы еңбек етіп жүрген теміржолшылардың ерен еңбегімен бағаланады. Олардың ішінде әкеден балаға жалғасып, осы мамандықты жалғастырып келетін әулеттің, яғни темір жолшылардың ұрпақтары өте көп. Сондай династиялық отбасылар Ірілендірілген Атырау жол дистанциясында өте көп. Олардың бірі- аталған дистанцияның кадр бөлімінің басшысы Нұрбике Касекеева осы бір ғана мекемеде табан аудармастан 32 жыл еңбек етіп келеді. Нұрбикенің бұл мамандыққа келуіне әкесінің темір жол саласында бірнеше жыл бойы қызмет етуі себеп болыпты.        

       

      - Қиын, әрі өте маңызды қызметте еңбек ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен өзімнің жолаушылар қауіпсіздігін сақтауға атсалысып жүргенімді және әкеден мирас болып қалған темір жол мамандығын абыройлы атқарып келетінімді мақтан тұтамын. Жалпы, мемлекет тарапынан да теміржол саласының дамуына аса көңіл бөлінуде. Өйткені, жалақымызды  уақытылы аламыз, сапалы жұмыс жасауға барлық жағдайлар жасалған,- дейді ол.

      «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының саяси бөлім басшысы Данагүл Жайлаубаеваның айтуынша, «Шаңырақ» балалар үйінің  тәрбиеленушілерін темір жол бөлімшелеріне экскурсия жасатудағы басты мақсат – болашақ түлектердің осындай ел экономикасына үлес қосып келетін жауапты да қадірлі мамандықты таңдауына ықпал ету.  Сонымен қатар, жастар арасында шойын жол жұмысшыларының қызметімен жіті таныстыру.

      Шара барысында болашақ түлектерге жалпы теміржол саласының қызметі таныстырылып,темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары, сондай- ақ, іс жүзінде  соңғы үлгідегі  техникалық қондырғылар  жұмысы көрсетіліп, түсіндірілді.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    ______   _    _     _____   
      | \  / ||  \ \\/ //  /_   _// | || | ||  /  ___|| 
      |  \/  ||   \ ` //     | ||   | || | || | // __   
      | .  . ||    | ||     _| ||   | \\_/ || | \\_\ || 
      |_|\/|_||    |_||    /__//     \____//   \____//  
      `-`  `-`     `-`'    `--`       `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх