Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 20:48
      Экономика 27.01.2017, 12:51 0 пікір 494 просмотров

      1000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар қолдан жасалған

      2016 жылы ҚР Ұлттық Банкіне 10 744 680 теңге сомаға 3 469 күмәнді ақша белгісі сараптамаға келіп түскен. Олардың ішінде 2 067 070 теңге сомаға 928 ақша белгісі қолдан жасау белгілері бар деп танылыпты. 


        «Қазақстанда ұлттық валюта – теңгенің сапалы қолдан жасалу үлгілері жоқ» деп мәлімдеген ҚР Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева елімізде өткен жылы қандай номиналды банкноттардың қолдан жасалғаны туралы айтып берді.

      -Негізінен орта номиналдағы банкноттарды қолдан жасайды. Себебі олар айналыста кеңінен таралған және оларға баса назар аудармайды. 2016 жылы Ұлттық Банктің сарапшылары 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік 261 банкнотты, 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік 155 банкнотты анықтады, – деді ол. Оның айтуынша, бүгінде қолдан жасалған банкноттарды дайындаудың ең көп таралған әдісі - оларды лазерлік принтерде басып шығару болып отыр.  «Бұл ретте ағынды принтердің көмегімен басып шығарылған банкноттың бөлігінде ультракүлгін қорғаныш болмайды, ал жарыққа тосып қараған кезде екі бетін желімдегеннен айқын із көрініп тұрады. Сонымен қатар өткен  жылы 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды қолдан жасаудың жаңа түрлері пайда болды. Бұл банкноттар ағынды принтерде басып шығарылды. Қорғаныш жібі және «Спарк» элементі жылтырағы бар тырнаққа арналған лакпен салынған» деп атап өтті басқарма бастығы. Өткен жылы елімізде номиналы 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қолдан жасау жағдайлары да орын алған екен. Қолдан жасалған банкноттарды арнайы касса техникасы арқылы оп-оңай анықтауға болатындықтан,  мамандар қолдан жасалған ақша белгілерін анықтаған жағдайда Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық зерттеулер қызметіне не полицияға тез арада хабарлау қажеттігін еске салады.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     __   _      ___     _    _   
       /_   _//   / _ \\  | || | ||   / _ \\  | |  | || 
       `-| |,-   | / \ || | '--' ||  / //\ \\ | |/\| || 
         | ||    | \_/ || | .--. || |  ___  |||  /\  || 
         |_||     \___//  |_|| |_|| |_||  |_|||_// \_|| 
         `-`'     `---`   `-`  `-`  `-`   `-` `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх