Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:39
      Аймақ 30.01.2017, 10:38 0 пікір 357 просмотров

      Атырауда жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай тізімін автоматтандыру жұмыстары басталды

       Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Кәкім Шалтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, енді атыраулықтар жер алу үшін электронды кезекке тұратын болды.


      Қазіргі таңда Атырауда тұрғын үй салу үшін үй кезегінде 80 мыңнан астам адам тұр және олардың 56,6 мыңы облыс орталығының тұрғындары. Кезек өте баяу жылжуда, өйткені жер учаскелері тек коммуникация желілері жүргізілген соң ғана берілуде. Дегенмен, жер телімдері берілген соң да біршама проблемалар пайда болып отыр. Біреулер жер кезегінде жылдап тұрады. Сол уақыт аралығында олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлері де өзгеріп үлгереді. Содан соң оларды табу өте қиын. Жер үлестірумен байланысты осы және өзге де өзекті мәселелерді электронды үкіметпен ықпалдастырылған жер кезегінде тұрғандардың электронды базасын қалыптастыру мәселесі шешеді деген үміт бар,- деді өз сөзінде Кәкім Шалтанов.
      Сондай- ақ, Шалтанов мырза хабарлағанындай, электронды база іске қосылған соң әр азамат өзінің кезегін өзі бақылап отыру құқығына ие болады.
       


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____   __   __             _    _    __   _   
        / ___//  \ \\/ //     ___   | || | || | || | || 
        \___ \\   \ ` //     /   || | || | || | '--' || 
        /    //    | ||     | [] || | \\_/ || | .--. || 
       /____//     |_||      \__ ||  \____//  |_|| |_|| 
      `-----`      `-`'       -|_||   `---`   `-`  `-`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх