Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:42
      Қоғам 30.01.2017, 10:41 0 пікір 625 просмотров

      Атырау қаласындағы Ұлттық Ұлан 5546 әскери бөлімінде «Прокурордың 100 кеңесі» кітабының таныстырылымы өтті

      Шараға қатысқан әскери қызметшілерге аталмыш жинақта айтылған: өмірдің әр түрлі жағдайларында, атап айтқанда, қызметте кездесетін құқықтық сұрақтар, кездейсоқ жағдайлар туындағанда, мәселен, ішкі істер органдарына түсіп қалғанда немесе отбасында тұрмыстық күш көрсету фактілері тіркелгенде сүйенетін құқықтық нұсқаулықтар, кеңестер кеңінен түсіндірілді.


       

      -       «Прокурордың 100 кеңесі» жинағының мақсаты- түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету. Кітапта 9 тарау бар, оларда түрлі өмірлік жағдайлар бойынша кеңестер қамтылған: отбасы, бизнес үшін өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет; тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қалай жол бермеу қажет; шағым бергенде не істеу керек; терроризм мен экстремизм туралы нені білу қажет; құқық қорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажеттігі.

      Жалпы, Елбасымыз- Жоғары Бас Қолбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде құқықтық мемлекет құруға үлкен мән беріп келеді және осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда,- дейді Ұлттық Ұлан 5546 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыс бөлімшесінің бастығы, майор Петр Еремин.

      Айта кетейік, бұған дейін де Атыраудағы әскери прокуратурада Батыс аймағы әскери прокуратурасының прокуроры, әділет капитаны Алғатай Нұрғазыұлының жетекшілігімен жиналыс өтіп, оған қатысқан әскери құрылымдар: Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі және Ұлттық гвардияға қарасты барлық әскери бөлімдердің құрамы осы жинақпен таныстырылған болатын.

      Практикалық кеңестер жинағын Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп әзірлеген.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _    ______    _    _     _  _   
          ___   | || | || |      \\ | || | ||  | \| || 
         /   || | || | || |  --  // | || | ||  |  ' || 
        | [] || | \\_/ || |  --  \\ | \\_/ ||  | .  || 
         \__ ||  \____//  |______//  \____//   |_|\_|| 
          -|_||   `---`   `------`    `---`    `-` -`  
           `-`                                         
      
       
      Наверх