Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:13
      Қоғам 30.01.2017, 12:31 0 пікір 424 просмотров

      Атырауда қылмыстық ахуал тұрақты

       Атырау облыстық Ішкі істер департаментінде өткен жедел жиынға ҚР  Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов қатысты. Жиында  аймақтағы  полицияның жедел қызметінің қорытындысы және  ішкі істер органдарының келешектегі басым міндеттері туралы  мәселе қаралды.


      Жиынды ашқан Атырау  облысы ІІД бастығы полиция полковнигі  Аян Дүйсембаевтың айтуынша, бүгінде облыс аумағындағы жедел жағдай тұрақты, қылмыстық құқық бұзушылықтар, ауыр және аса ауыр қылмыстар, аса ауыр, ауыр, ауырлығы орта  және аз деңгейдегі, сондай-ақ, зорлау, тонау, алаяқтық, бұзақылық, мал ұрлығы және автокөліктерді заңсыз айдап әкету қылмыстарының саны төмендеген. Сонымен қатар, қоғамдық орындар  мен көшелерде  және қаруды қолданумен жасалған қылмыс саны да азайған. Қабылданған алдвн алу шараларының нәтижесінде ауыр және аса ауыр, соның ішінде ауыр, сондай-ақ, қарақшылық, тонау, өзгенің мүлкін ұрлау, соның ішінде ұялы телефондар мен қалта ұрлығы қылмыстарының ашылу деңгейі көтерілген. Аса ауыр, адам өлтіру, зорлау, мал ұрлығының ауыр түрі және автокөліктерді заңсыз айдап әкету қылмыстарының ашылуы 100 пайызды құрап отыр. Осы және басқа да департамент бастығы орынбасарларының және аудандық басқарма бастықтарының баяндамаларын тыңдаған ҚР  Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Бисенқұлов өз кезегінде жеке құрамға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  министрлікте іске асырылуы тиіс шаралар туралы тапсырмасын атап өтіп, облыстың ІІД басшылығы мен оның аумақтық бөліністеріне ішкі істер органдарының қызметінің барлық бағыты бойынша нақты міндеттер, соның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу, оның алдын алу, жеке құрамның тәртібін күшейту шаралары бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ, өткен және ағымдағы жылда қабылданған жаңа заң нормаларына толығырақ тоқталды. «Полиция қызметіндегі негізгі бағыт — азаматтарды қылмыстық әрекеттерден сенімді түрде қорғау және құқықтық тәртіпті жоғары деңгейге көтеру,- деп атап көрсетті Б.Бисенқұлов. Қылмыстың алдын алуда  халықпен тығыз байланыста, атап айтқанда қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ мүшелерін тарту, консерьждер мен студенттік отрядтар жұмысын жандандыру мәселесіне көңіл бөлуді айтты. Және аймақтағы ұрлыққа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті жандандыру, қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпті күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Сондай-ақ Б.Бисенқұлов рақымшылыққа байланысты жазасын өтеуден босатылғандарды оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелеріне де  аса назар аударуды тапсырды.


      Ақпаратты ІІД баспасөз қызметі ұсынды.
      Гүлзада Қожабергенқызы


       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____    __   _    _    _   __    __  
       /  ___||  |  ___|| | || | || | || | || \ \\ / // 
      | // __    | ||__   | '--' || | || | ||  \ \/ //  
      | \\_\ ||  | ||__   | .--. || | \\_/ ||   \  //   
       \____//   |_____|| |_|| |_||  \____//     \//    
        `---`    `-----`  `-`  `-`    `---`       `     
                                                        
      
       
      Наверх