Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:02
      Аймақ 31.01.2017, 11:52 0 пікір 396 просмотров

      «Пәтердегі температура 20 градустан кем емес болса, шағым негізсіз»

       Атырауда биылғы жылу беру маусымы басталғалы бері жылуға жауапты мекемеге қала тұрғындарынан 80 - нен астам шағым түскен. Оның ішінде 66-сы жылу беруге байланысты болса, 20 - сы ыстық сумен жабдықтауға қатысты болыпты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның президенті Нұрадин Шамшатов хабарлады.


      Оның мәліметіне сүйенсек, келіп түскен арыздардың барлығы да тұрғын үйлердегі желілердің кемшілігі жайында екен. Алайда, шағымдарға қатысты Шамшатов:
      - Егер тұтынушы пәтерде өзін жайсыз сезініп, жылу жеткіліксіз деп есептесе, қызмет көрсетушінің жұмысына шағымдана алады. Алайда, тексеріс кезінде пәтердегі ауаның температурасы 20 градустан кем еместігі анықталатын болса, онда шағым негізсіз болып есептеледі, - дегенді айтты.
      Одан бөлек, брифинг барысында аталған АҚ-ның президенті тұрғын үйлердегі жылу жүйесінің жеткіліксіздігіне қандай жадайда жауап беретіндігін де түсіндіріп өтті. Яғни, оның сөзінше, қыздыру кемшілігі кварталды жылу желілерінде гидравликалық режимнің нашарлауынан, нысанның кірме желісіндегі желілік судың температурасы төмен болуынан болған жағдайда жылумен қамтамасыз етуді қалыпқа келтіруге «Атырау жылу жүйелері» мекемесі тиісті. Ал, пәтердегі қыздыру кемдігі жылу сақтау шараларының алынбағанынан болса, жылыту құбырлары мен батареялар бітелгеннен, тікқұбырға өз бетімен, рұқсатсыз қосымша жылыту батареялары қондырғандығы себебінен болса, онда тұрғындар өз күштерімен немесе мамандарды жалдап жөндеуі тиіс.
      Айта кетейік, күні бүгін Атырауда елу жылға жуық уақыт бойы пайдаланып келе жатқан жылу желілері бар. Ағымдағы жылы оның 21 шақырымнан астам тұрба құбырлары ауыстырылып, 30 шақырым жылу оқшаулауы жөнделеді. Бұдан бөлек, қалада төрт жылу бекеті күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___                _____     ______  
       \ \\/ //   / _ \\      ___    |  ___||  /_   _// 
        \   //   | / \ ||    /   ||  | ||__      | ||   
        / . \\   | \_/ ||   | [] ||  | ||__     _| ||   
       /_//\_\\   \___//     \__ ||  |_____||  /__//    
       `-`  --`   `---`       -|_||  `-----`   `--`     
                               `-`                      
      
       
      Наверх