Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:46
      Қоғам 31.01.2017, 14:37 0 пікір 2053 просмотров

      Индерде игілікті іс көп

       Индер ауданында бұрын-соңды болмаған құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінде ауданның елді-мекендерінің дамуына бюджет қаражаты есебінен және демеушілік арқылы 2015 жылы 9 жобаның 8-нің, яғни екі 3 қатарлы 60 пәтерлік және бір қатарлы 10 тұрғын үй, Бөдене және Жарсуат ауылдарындағы дәрігерлерге арналған 2 пәтерлік 3 бөлмелі тұрғын үй, Бөдене ауылында фельдшерлік-акушерлік қосын, Индербор кентіндегі мәдениет үйі, Аққала ауылындағы мектеп құрылыстары аяқталып, Құрылыс ауылына 100 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.


      Индер ауданы әкімі Серік Арыстанның айтуынша, 2016 жылы демеушілік есебінен  басталған 5 жоба:  Ынтымақ ауылындағы 120 орындық мектеп, Көктоғай ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Есбол ауылындағы 300 орындық және Бөдене ауылындағы 200 орындық мәдениет  үйлері мен 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй және бюджет есебінен басталған 2 жоба: Жарсуат ауылындағы 70 орындық саз мектебі және аудан орталығынан 290 орындық балабақша құрылыстары 2017 жылы аяқтау жоспарлануда.

      -       Таза ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету бағытында  жоспарлы

      жұмыстар жалғасуда.  Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігіміз – біз күні бүгінде таза ауыз сумен қамту мәселесін толығымен шештік.

      Аудандағы соңғы су тазарту қондырғылары Аққала, Ынтымақ, Құрылыс елді мекендеріндегі су тазарту қондырғыларының құрылысы 2008 жылы басталып, 2016 жылдың аяғында аяқталып, қабылдап алынды. Күні бүгінде техникалық құжаттары жасақталуда, құжаттандыру аяқталғаннан кейін округ әкімдері аппараттарының теңгеріміне беріледі. Өз кезегінде округ әкімдері нысанды сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастырады. Анықталған ықтимал сенімгерлік басқарушы тарифті бекіткеннен кейін су беру жұмыстарын бастайды. Аудан бойынша таза ауыз сумен қамтылған халық саны 95,7 пайызды құрап отыр. Жоғарыда аталған үш нысан пайдалануға берілгеннен кейін сумен қамту көрсеткіші 99,2 пайызға жететін болады. Былтырғы жылы Индербор кенті, Өрлік, Елтай, Жарсуат, Көктоғай ауылдарында жазғы су желілерінің құрылыстары басталып, биылғы жылы жұмыстар жалғасатын болады.  Өткен жылы мердігер мекеменің анықталмауы себебінен Бөдене, Есбол ауылдарындағы жұмыстар биылғы жылы басталады. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 619 065,2 мың теңге.

                  Аудан көлеміндегі тағы бір ірі жоба бұл облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен жүргізіліп жатырған жалпы құны 2 132 740 000 теңге болатын Индербор кентіндегі  кәріз айдау станциялары мен кәріз желілерінің құрылысы Қазіргі кезде жоғары қысымды кәріз су құбырын жүргізу жұмыстары басталды.

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының "Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау" басымдығы бойынша 26 868,0  мың теңгеге М.Әуезов мектебіне өтетін жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, Бөдене, Есбол, Ынтымақ ауылдарына ойын алаңын орнату, Қызылжар, Елтай, Көктоғай елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру, Жарсуат, Аққалада су құбырларын ағымдағы жөндеу, Құрылыс ауылындағы мәдениет үйін және Өрлік ауылындағы балабақша ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, - дейді аудан әкімі.

      Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, құрылыс саласында, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында алда тұрған жоспарлар да жетерлік. Мәселен, биылғы жылы Бөдене, Көктоғай округі әкімінің, Бөдене орта мектебінің ғимараттары мен Құрылыс, Көктоғай ауылдарының мәдениет үйлері және күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Индербор кентіндегі ескі Сейфуллин орта мектебін балабақшаға қайта жабдықтауға, Бөдене ауылында 100 орындық балабақша құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Ал Индербор кентінде 290 орындық балабақша құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттары жасақталған.

      -       Алға қойған тағы бір жоспарымыз барлық округ орталықтарынан

      Кезең-кезеңімен ангарлы типтегі спорт кешенін салу болып отыр. Бұл мақсатта бірінші кезекте Көктоғай және Жарсуат ауылдарынан аталған нысанды салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау үшін 8309,7 теңге қаржыға облыстық бюджеттен сұраныс берілді. Индербор кентінде 400 орындық стадион құрылысының жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамада қаралуда. Есбол ауылында денешынықтыру кешенінің құрылысына «Бизнес Көмек» қоры арқылы құжаттары жасақталынып, «ҚазМұнайГаз» АҚ-на құрылысын демеушілікпен жүргізу үшін жолданды, - дейді аудан басшысы.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      ______     ___      ______  
       /_   _//   / _ \\   /_   _//   / _ \\   /_   _// 
       `-| |,-   | / \ ||    | ||    / //\ \\    | ||   
         | ||    | \_/ ||   _| ||   |  ___  ||  _| ||   
         |_||     \___//   /__//    |_||  |_|| /__//    
         `-`'     `---`    `--`     `-`   `-`  `--`     
                                                        
      
       
      Наверх