Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:01
      Экономика 31.01.2017, 18:00 0 пікір 475 просмотров

      Бюджеттік қаржыны мақсатсыз жұмсаумен қалай күресеміз?

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие беруді ұйымдастырушы және берілген несиенің өз мақсатына жұмсалуын қағалаушы мемлекеттік мекеме, акционерлік қоғам филиалдарының («Атырау жұмыспен қамту орталығы» ММ, «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» ММ, «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерліккорпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ,«Аграрлы несие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы, «Атырау облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы) өкілдерінің қатысуымен «Бюджеттік несиелерді мақсатсыз жұмсау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


      Кездесуде департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.Жәрдемов Экономикалық тергеу қызметінің негізгі қызметтік бағыттары, оның ішінде 2016 жылы бюджет қаржысын жымқыру, мақсатсыз пайдалану деректерімен қозғалған қылмыстық істер туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, шарада Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының тергеушісі А.Сарин қатысушыларды бюджеттік несиені мақсатсыз жұмсау деректерімен қозғалған қылмыстық істерді тергеп-тексеру және келтірілген залалды өндіру тәжірибесімен таныстырып, пікір алмасты. Жоғарыда аталған мекемелерден келген өкілдер өз кезегінде күнделікті жұмыстарында, атап айтқанда мемлекеттен бөлінген несиелерді кері қайтару барысында кездесетін кедергілер мен туындайтын сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

       


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __    ______     ___      ______  
       / ____||  \ \\/ //  /_____//   / _ \\   /_   _// 
      / //---`'   \ ` //   `____ `   / //\ \\    | ||   
      \ \\___      | ||    /___//   |  ___  ||  _| ||   
       \_____||    |_||    `__ `    |_||  |_|| /__//    
        `----`     `-`'    /_//     `-`   `-`  `--`     
                           `-`                          
      
       
      Наверх