Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:08
      Экономика 03.02.2017, 13:00 0 пікір 409 просмотров

      Атырауда өзін-өзі өртеген Смадиярова қамауға алынды

       Еске сала кетейік, Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Ләйла Смадиярова өткен жылдың тамызынан бері ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында ("Пара алу") қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілініп, үй қамағында отырған болатын.


      Ол бұрын ұсталғандардың, қамауға алынғандардың және қылмыстық жаза өтеп жатқандардың құқықтарын сақтау саласында жұмыс істеген. Бірақ, ол өзіне тағылған айыптармен келіспей, жала жабылғанын айтқан еді. Іс қаралатын күні, яғни 31 қаңтарда денесін күйік шалған 37 жастағы Смадярова ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда,  прокурордың бұрынғы көмекшісіне өз-өзін өртеу әрекетінен кейін бұлтартпау шарасы қатаңдатылып отыр. Бұл туралы хабарлаған облыстық соттың баспасөз қызметі мемлекеттік айыптаушының шағымы бойынша өз-өзін өртеуге тырысқан әйелдің екі айға қамауға алынғанын айтты. Қазіргі уақытта әйел ауруханада болғандықтан,  сот отырысына қатыспады. "Ал үкім жылдам орындалуға тиіс болғандықтан, айыпталушы арнайы палатаға ауыстырылып, күзетке алынады", - дейді ведомство өкілдері.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___    __    __     ___     _    _   
      |      \\   / _ \\  \ \\ / //   / _ \\  | |  | || 
      |  --  //  | / \ ||  \ \/ //   / //\ \\ | |/\| || 
      |  --  \\  | \_/ ||   \  //   |  ___  |||  /\  || 
      |______//   \___//     \//    |_||  |_|||_// \_|| 
      `------`    `---`       `     `-`   `-` `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх