Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 0:57
      Аймақ 03.02.2017, 17:00 0 пікір 755 просмотров

      Атырау мұнай және газ университетінің студенттері «3 D» » көзілдірігін киіп, кен орындарын виртуалды аралауда

      Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытына елімізде 11 жоғары оқу орны қатысуда.


      Солардың бірі болып табылатын Атырау мұнай және газ университеті алғаш болып «Виртуалды кен орны» зертханасының тұсауын кесті. — Бүгінгі жастардың білімі бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Алдағы уақытта осындай зертханалық бөлмелердің тағы бірнешеуін ашу жоспарда бар. Осы орайда білім-ғылым іздеген жанға университет есігі әрдайым ашық екенін қаперге бергім келеді,- дейді аталған университет ректоры Әли Әбішев.Бір айта кететіні, заманауи электрондық оқу бағдарламасы өндіріс басына бармай-ақ, негізгі жұмыс барысымен жүзбе-жүз танысуға мүмкіндік береді. Жалпы, құны 76 миллион теңгеге бағаланған  заманауи зертханаға мемлекеттік Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жетіп отыр. Мамандардың айтуынша, заманауи зертхананың ерекшелігі сол- қолға джойстик алып, «3 D» көзілдірігін киіп, кен орындарын виртуалды түрде аралап шығуға болады. Бұл орайда компьютерлік бағдарлама өзі тапсырма беріп, қажетті ақпарат ұсынып отырады.Ал, зертханалық стенділерде мұнай қойнауының гидравликалық сипаттамасы нақты көрініс тапқан. Біріншіден, «жерасты гидромеханикасы» стендісі арқылы студенттер зертханалық сынақ жұмыстарын жүргізе алады. Бұл ретте штангалық сорғы үлгісінің берері мол. Екіншіден, ауа температурасы, шығыс көлемі, қысым деңгейі секілді көрсеткіштерді тікелей бақылап отыруға болады.Үшіншіден, «Газлифт» стендісі «Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану» курсын толық меңгеріп шығуға көмектеседі. Соңғысы, «мұнай-газ қоймасы» стендісі шикізат пен өнімді сақтау қоймаларының құрылымын зерттеуге арналған. Сондай-ақ, дуальдық, яғни, қашықтықтан оқыту жүйесі арнайы электронды бағдарламалық-ақпараттық кешенге құрылған.«Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Нұрлыбек Шұғайыпов жаңа бағдарламаның Челябинск қаласында дайындалғандығын айтады. Оның пікірінше, базада 2-3 курс студенттері техникалық білімдерін жетілдіре алады. Тіпті, алдағы уақытта өндірістегі жұмысшылардың біліктілігін арттыру да жоспарланып отыр. Олардың білімін компьютердегі тест бағдарламасы өзі анықтап, автоматты түрде бағасын қойып беру мүмкіндігіне ие.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___                 ___      _____   
       /_____//   / _ \\      ___     / _ \\   |__  //  
       `____ `   | / \ ||    /   ||  / //\ \\    / //   
       /___//    | \_/ ||   | [] || |  ___  ||  / //__  
       `__ `      \___//     \__ || |_||  |_|| /_____|| 
       /_//       `---`       -|_|| `-`   `-`  `-----`  
       `-`                     `-`                      
      
       
      Наверх