Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:50
      Қоғам 06.02.2017, 11:57 0 пікір 380 просмотров

      Халыққа көрсетілетін қызметтер саны 53-ке артты

       Бүгінде елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді саналады. Атап айтқанда, жаңа қызметтердің басым бөлігін ауылшаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрап отыр.


      Нақты айтқанда, мемлекеттік корпорацияда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, агроөнеркәсіп кешені саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын, тағы сол сияқты тұлғаларға инвесторлық визалар алуға қолдау хат беруді рәсімдеуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болған. Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жүгінуінің қажеттілігі жоқ. Ал, аталған қызметтерді мемлекеттік корпорацияның басқа қызметтері сияқты аптасына 6 күн, сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____     ______    ______    _____   
       \ \\/ //  |  ___||  /_   _//  /_   _//  / ____|| 
        \   //   | ||__    `-| |,-    -| ||-  / //---`' 
        / . \\   | ||__      | ||     _| ||_  \ \\___   
       /_//\_\\  |_____||    |_||    /_____//  \_____|| 
       `-`  --`  `-----`     `-`'    `-----`    `----`  
                                                        
      
       
      Наверх