Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 9:11
      Аймақ 06.02.2017, 17:41 1 пікір 511 просмотров

      Атырау облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болып Ренат Ғилажев сайланды.

       Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткізген жастар қанатының Атырау облыстық филиалының Х конференциясында Ренат Ғилажевтың кандитатурасы бірауыздан қабылданды.


      Ренат Ғилажев 1985 жылы Атырау облысында туған. Үйленген, 2 баласы бар. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде География мамандығының магистрі атағын алып шыққан. Бұған дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "География" кафедрасында аға оқытушы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі маман, Атырау қаласының жастар ресурстық ортылығының басшысы қызметтерін атқарған. Еске сала кетейік, былтыр облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болған 32 жастағы облыстық маслихат депутаты Асқар Бопылдықов желтоқсанның 28-іне қараған түні ауыр дерттен көз жұмған еді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жастарды Асқар Бопылдақовтың еңбегін үлгі етіп елге аянбай еңбек етуге шақырды. "Жастық шақ адамның өзін қайрап, жан-жақты дамытатын уақыты. Сол себепті жарқын идеялардан рух алып, толағай істерге ұмтылып, ел деп еңбек етуге шақырамын сіздерді", - деді аймақ басшысы. Айта кетелік, конференция барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер, "Жас Отан" Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы Кеңесінің жаңа құрамын сайлау мәселелері де қаралды.


      МА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      ______   _____     _    _     ______  
      |  __ \\   /_   _// |  __ \\  | || | ||  /_____// 
      | |  \ ||   -| ||-  | |  \ || | || | ||  `____ `  
      | |__/ ||   _| ||_  | |__/ || | \\_/ ||  /___//   
      |_____//   /_____// |_____//   \____//   `__ `    
       -----`    `-----`   -----`     `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх