Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:38
      Аймақ 07.02.2017, 11:27 0 пікір 404 просмотров

      1000 теңгелік банкноттың мерзімі ұзарды

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.


      Мамандардың айтуынша, аталған күнге дейін бұл банкноттар төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. Сондай-ақ, 2006  жылғы  үлгідегі  номиналы  1000  теңгелік  банкноттарды  Ұлттық Банктің барлық филиалдарында  олардың айналыста  болуының  аяқталу күнін  күтпей айырбастауға  болады.

      Одан  кейін  12  ай  ішінде, яғни   2017  жылғы  1  наурызбен  2018  жылғы  28   ақпан аралығын   қоса алғанда  көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін комиссиясыз қабылданады. Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы 50 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619- 234, 2704-585 телефондары және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 2704-569 телефоны бойынша хабарласу керек.


      Гүлзада Қожабергенқызы


       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     __   __    ______   _    _   
       /_   _//   / _ \\   \ \\/ //  /_   _// | \  / || 
       `-| |,-   | / \ ||   \   //    -| ||-  |  \/  || 
         | ||    | \_/ ||   / . \\    _| ||_  | .  . || 
         |_||     \___//   /_//\_\\  /_____// |_|\/|_|| 
         `-`'     `---`    `-`  --`  `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх