Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:29
      Қоғам 09.02.2017, 14:28 0 пікір 508 просмотров

      Халыққа қуаныш сыйлаған 12 жоба жүзеге асты

       Бүгін, яғни 9 ақпан күні НКОК компаниясы Атырау облысының Мақат ауданындағы жүзеге асқан 12 жобаны аяқтады. Шара компания қажетті музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен Мақаттағы орталық Мәдениет үйінде басталып, ары қарай орталық ауруханада жалғасты. Аталған ауруханаға компания өкілдері медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың толық кешенін сыйға тартты.  


      Айта кету керек, Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы 2016 жылы Атырау облысының Мақат ауданында 12 демеушілік және қайырымдылық жобасын жүзеге асырды. Осы жобалар шеңберінде жергілікті ауруханалар қажетті жабдықтармен, мектептер – интерактивті тақталармен, балабақшалар – жиһазбен және ойыншықтармен, ал аудандық мәдениет үйі жаңа музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа да көптеген құралдар алынды. Осы аталғанның барлығы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жергілікті ұйымдарға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған «НКОК» компаниясының қолдауы арқылы мүмкін болып отыр. Жобаны қорытындылау шарасы Мақат кентіндегі «Болашақ» балабақшасында да өтті. Онда «НКОК» компаниясының жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы Егізбаев Жағыпар осы ауданда іске асырылған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Оның атап өткеніндей, «НКОК» компаниясының қаражатына Мақат аудандық орталық аурухана үшін алуан түрлі медициналық жабдықтар, атап айтқанда жалпы хирургияға арналған жоғары жиіліктегі электр хирургиялық аппарат, медициналық құралдарды ультрадыбыстық механикалық әдіспен тазартуға арналған 5 құрылғы, Omron c28 атты 10 компрессорлық небулайзер, BETА F.O. отоскоптарын және т.б. алу мүмкін болды. Сонымен қатар «НКОК» компаниясы жергілікті мектептерге интерактивті тақталар жинағын, спорт жабдықтарын, музыкалық аспаптар тапсырды, аталған ауданның балабақшаларын жиһазбен және ойыншықтармен қамтамасыз етті. Бұдан сәл бұрын компания Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешеніне және Доссордағы Сабыр Шәріпов атындағы мектеп-интернатқа екі автобус сыйға тартқан болатын. Одан кейін Атырау қаласындағы Бесікті жалпы білім беру мектебіне де жаңа автобус табыс етілді. Енді 10 ақпан күні Исатай аудандық орталық аурухананың дәрігерлеріне «УАЗ 396295» маркалы екі жедел жәрдем көлігінің кілті ұсынылатын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __   _    _     _____     ______    _____   
      \ \\ / // | || | ||  / ____||  /_   _//  |__  //  
       \ \/ //  | || | || / //---`'   -| ||-     / //   
        \  //   | \\_/ || \ \\___     _| ||_    / //__  
         \//     \____//   \_____||  /_____//  /_____|| 
          `       `---`     `----`   `-----`   `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх