Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 5:59
      13.02.2017, 12:01 0 пікір 362 просмотров

      «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыруда

      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ осы жылғы егістік науқанын қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлады. Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына республикалық бюджеттен ҚазАгро холдингі құрылымы арқылы 60 млрд. теңге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілмек.


      Айта кетейік, бюджеттік қаражаттардан басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі жылдың аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. АШТӨ мемлекеттік қаржыландырумен көптеп қамтуға қол жеткізу үшін алғашқы кезекте қаржыландыру өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады. Бұдан басқа, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі. Яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігі  айқындаған дақылдар қатары бірінші кезектегі тәртіпте қаржыландырылады.  Әңгіме майлы (күнбағыс, рапс, зығыр, соя), арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр. Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шамамен 35 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда.
      Гүлзада Қожабергенқызы   



      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      _  _      ___     _    _   
        ____      / _ \\   | \| ||   / _ \\  | |  | || 
       |    \\   | / \ ||  |  ' ||  / //\ \\ | |/\| || 
       | [] ||   | \_/ ||  | .  || |  ___  |||  /\  || 
       |  __//    \___//   |_|\_|| |_||  |_|||_// \_|| 
       |_|`-`     `---`    `-` -`  `-`   `-` `-`   `-` 
       `-`                                             
      
       
      Наверх