Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 12:17
      Қоғам 13.02.2017, 12:03 0 пікір 372 просмотров

      Облыс әкімі махамбеттік кәсіпкерлермен жүздесті

      Өткен аптада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданы әкімінің тұрғындар алдында берген есебіне қатысты. Бұл жайында Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады.


       Аймақ басшысы ауданға сапары кезінде көшпелі кеңес өткізді. Облыстағы жайылымдық жерлерді, егістіктерді суландыру мәселелеріне қатысты түйткілді тақырыптарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

      Жұмыс сапары барысында облыс басшысы жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Әкіммен кездесуге ешкі сүтін өңдеп сататын зауыттың басшысы, сиыр фермасының, ұлттық киімдер тігетін цехтың, ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпорынның негізін қалаушылары келді.

      Облыс әкіміне бизнесін таныстырған домбыра жасау цехының басшысы Нұрлыбек Бисенбаев 2015 жылы "Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті қолдау" бағдарламасы аясында 4 миллион теңге несие алғанын айтты. Бұл қаржыға ол домбыра жасауға қажетті құралдар сатып алып, цех орнатып, оның жанынан өнімдерін сататын дүкен ұйымдастырған. Кәсіпкер домбыраларын негізінен қара ағаштан, жидек ағашынан және қызыл ағаштан жасайтынын жеткізді. Оның айтуынша, кәсібін дөңгелетіп кетуге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың көмегі көп болған.

      Өнімдерін таныстырып болған соң домбыра шебері аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа жидек ағашынан жасаған үкілі домбыраны сыйға тартты.

      Аймақ басшысы өз кезегінде небір дарындылардың ауылдан шығатынын тілге тиек етіп және осындай кәсіпкерлердің қатарын арттыру үшін мемлекеттен беріліп жатырған мүмкіндіктерді пайдалану керектігін баса айтты.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     ______      ___     _    _   
       /_   _//   / _ \\  |      \\   / _ \\  | || | || 
       `-| |,-   / //\ \\ |  --  //  | / \ || | || | || 
         | ||   |  ___  |||  --  \\  | \_/ || | \\_/ || 
         |_||   |_||  |_|||______//   \___//   \____//  
         `-`'   `-`   `-` `------`    `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх