Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:29
      Экономика 13.02.2017, 12:32 0 пікір 404 просмотров

      Мемлекеттік база істен шықты

      -Бүгін сағат 8.00-де ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының істен шыққандығы тіркелді, осыған байланысты қазіргі уақытта халықққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметтерді алу мүмкін емес. Ақаулықтар анықталысымен-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы деректер базасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі.


      Сондықтан қазіргі кезде ХҚКО-ларда алу мүмкін емес  қызметтер тізімі мынадай.

      1. 1.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
      2. 2.Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
      3. 3.Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру;
      4. 4.Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;
      5. 5.Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
      6. 6.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
      7. 7.Техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
      8. 8.Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
      9. 9.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;

         10.  Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық    паспортқа қосымшаны беру;

         11.  Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

         12.  Мемлекеттік тұрғынүй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғынүй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

         13.  Тұрғын үй көмегін тағайындау;

         14.  Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынш аанықтама беру.

      Осы ретте, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметіне тұрақты тіркеу де, уақытша тіркеу де қамтылатынын айта кету керек. Осылайша, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі деректер базасындағы ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____               ______   ______   
        / ___//  |  ___||     ___    /_   _// |      \\ 
        \___ \\  | ||__      /   ||   -| ||-  |  --  // 
        /    //  | ||__     | [] ||   _| ||_  |  --  \\ 
       /____//   |_____||    \__ ||  /_____// |______// 
      `-----`    `-----`      -|_||  `-----`  `------`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх