Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 10:43
      Аймақ 13.02.2017, 18:15 0 пікір 385 просмотров

      Атырауда пара алған полицей үйқамаққа қамалды

       Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы  Мақат ауданық Ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшісінің жедел уәкіліне қатысты «үйқамақ» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция берді.


      Тергеу деректеріне сай, полиция қызметкері пара алған үшін күдіктелінген. Мұндай қылмысқа құқық қорғаушы қалай барып жүр? С.А. үш адам Р.Т., А.Ж., М.Қ.-ны «Газель» автокөлігімен құрылыс материалдарын ұрлап жатқан жерлерінен ұстап, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі 1-тармағымен белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған екен. Содан кейін А.С. аталған адамдарға қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша оңтайлы шешім шығару үшін ақша талап еткен. Аталған адамдардан пара ретінде 50 000 теңге алып, кейін тағы 300 000 теңге талап еткен. Сөйтіп, 150 000 теңгені алдыңғы төлем ретінде алу кезінде Мақат ауданында орналасқан «Хорезм» шайханасының маңында С.А. жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлерінің қолына түсті.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___    __    __    ______   _    _   
      \ \\ / //   / _ \\  \ \\ / //  /_   _// | |  | || 
       \ \/ //   / //\ \\  \ \/ //    -| ||-  | |/\| || 
        \  //   |  ___  ||  \  //     _| ||_  |  /\  || 
         \//    |_||  |_||   \//     /_____// |_// \_|| 
          `     `-`   `-`     `      `-----`  `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх