Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:13
      Қоғам 13.02.2017, 18:22 0 пікір 353 просмотров

      Атырауда алаяқтық жасаған прокурор тергеу абақтысында отыр

       Атырауда прокурорлар неге қылмысқа барып жатыр? Тағы бір кезекті прокурорға қатысты іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды.


      Өйткен, облыс прокуратурасының арнайы прокуроры К.А.-ға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсірген. Арнайы прокурордың өтінішхатынан белгілі болғандай, облыс прокуратурасының біріңғай базасында алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша Атырау қаласы прокуратурасының қызметкері  К.А.-ға қатысты екі азаматтың арызы тіркелген көрінеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, прокуратура қызметкері алдау жолымен жәбірленушілердің ақшалай қаражаттарын иемденіп келген. Осы жылдың 6 ақпанында күдікті ұсталып, Атырау қаласының ІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалған екен. Сот күдіктінің жасаған іс-әрекетіне кінәлі не кінәсіздігі мәселесін шешпей, қылмыстық іс құжаттарында күдікті сот өндірісіне кедергі келтіруі мүмкін болатын негіздер баршылық деп санап, өтінішті қанағаттандырды. Осылайша күдікті екі айға тергеу абақтысына қамауға алынды.Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __   _    _     ______    ______  
       /  ___||  \ \\/ // | \  / ||  /_   _//  /_   _// 
      | // __     \ ` //  |  \/  ||   -| ||-   `-| |,-  
      | \\_\ ||    | ||   | .  . ||   _| ||_     | ||   
       \____//     |_||   |_|\/|_||  /_____//    |_||   
        `---`      `-`'   `-`  `-`   `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх