Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 4:53
      Аймақ 14.02.2017, 14:33 0 пікір 342 просмотров

      Камила Әбенқызы шеберлік сыныбын өткізді

      Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Атырау облысы суретшілеріне арналған «Көрме залының» ашылу салтанаты және ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Жапалова Камила Әбенқызының 45 жас мерейтойына арналған шығармашылық көрмесі және шеберлік сыныбы өткізілді.


      Көрменің ашылу салтанатында суретші, қолөнерші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Камила Әбенқызы батик өнеріндегі шеберлігін көрермендерге таныстырды, сурет өнеріндегі батик жанрының сырларымен бөлісті.

      Көрмені тамашалауға мәдениет қызметкерлері, өңірдің жас дарынды суретшілері, студенттер, БАҚ өкілдері көп келді.

      Мұражай қызметкерлері суретшінің өнері жайында «Суретшінің әр суреті үлкен философиялық ой, тереңдеп тұнып тұр. Ұлттық мәдениетпен, дәстүр жалғастығын паш ететін туындылары көп. Мұсылман әлемінде екінші Мекке атанған Түркістан топырағында туып өскен суретші бала күнгі әжесінің иірген жүнін, тоқыған кілемін, иірген жіп, алаша, өрмек, түскиіз басып көріп үйренген суретшіге бұл өнер таңсық емес. Сурет өнерінің батик жанрын таңдауы ол ерекше атақты ешкімге ұқсамайтын өнер иесі болуды армандады және ол арман орындалды. Саусақпен санарлық өнердің бірі – батик жанры күрделілігімен ерекше жібек орамалға балауызбен сурет салу оңай емес. Ол өңдеуге, өзгертуге келмейді. Сондықтан әр бояу таңдалып жағылады, әр штрихты шеберлікпен үйлестіру қажет. Осы үйлесімділіктің арқасында «Қорқыт» атты шығармасы дүниеге келді. Кең даланың қақ төрінде отырған Қорқыт бейнесі қазақтың ән өнері мен аңыз әпсаналарын тірілтіп, еске түсіреді. «Алтын қайық» картинасы Сарайшыққа байланысты. Бір кездегі қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықтағы Секер көлі, алтын қайықпен серуендеген ханның қызы туралы аңызы. Атырау жерінде жүріп талай тұлпар бәйгелердің, аламанында бақ сынаған Атырау жеріне арнаған туындылары «Махамбет», «Дина», «Қанатты қыз-Хиуаз» болатын» деген пікірде.

      Айта кетейік,Камиланың туындылары Атырау суретшілеріне арналған көрме залда бір ай бойына тұратын болады. Суретшінің туындылары бұған дейін Ресей, Түркия, Кипр және Францияда өткен суретшілер көрмесіне қойылған. 


      Арайлым БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____     ______   _    _    _    _   
       /  ___||  |  ___||  /_____// | || | || | || | || 
      | // __    | ||__    `____ `  | || | || | || | || 
      | \\_\ ||  | ||__    /___//   | \\_/ || | \\_/ || 
       \____//   |_____||  `__ `     \____//   \____//  
        `---`    `-----`   /_//       `---`     `---`   
                           `-`                          
      
       
      Наверх