Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:41
      Қоғам 14.02.2017, 18:28 0 пікір 437 просмотров

      «Әуежай-Атырау» кеден бекетіне елші келді

      Жақында Атырау облысына іссапар барысында Америка Құрама Штаттарының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол және АҚШ-тың ҚР-ғы Елшіліктің Экономика секциясының басшысы Патрик Хорн Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекетіне ат басын бұрды.


      Айта кетейік,«Әуежай-Атырау» кеден бекеті Атырау облысындағы Кеден Одағы сыртқы шекарасындағы жалғыз өткізу пункті.  2010 жылы АҚШ Үкіметімен «Екінші қорғаныс желісі» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз түрде «Янтарь» радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі («Янтарь» РБАЖ) орнатылған болатын. Кездесу барысында «Атырау» халықаралық әуежайындағы дәл осы радиациялық бақылау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі мен пайдалануы бойынша сұрақтар талқыланды. Департамент басшысының орынбасары Мақсат Кувандыков қонақтарды радиоактивті материалдардың санкцияланбаған тасымалының алдын алуға және бақылауға бағытталған «Янтарь» РБАЖ жұмыс қағидаларымен таныстырды. Өйткені, бұл – еліміз БСҰ-ға мүше болып, ЭКСПО-2017 шеңберінде тұлғалар мен олардың жүктерінің үлкен көлемде өткізілуі күтілетін күндерде өзекті болып отыр. Сонымен қатар, кездесуде «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің басшысы Арман Абсиметов:

      -Кеден қызметінің рөлі - шекаралар ашылып, республикаға түрлі ұсыныстармен инвесторлар келе бастаған  тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ айқын болды. Атырау қаласының әуежайы халықаралық дәрежеге ие болды, себебі мұнда шетел мамандары, қонақтар, жүйелі түрде жүктер әлемнің әр түкпірінен келе бастады, - деп Атырау қаласы әуежайының ерекшеліктерін атап өтті. Және қонақтарға «Янтарь» РБАЖ нысандарының орналасуын көрсетіп,  ағымдағы проблемалық мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Кездесу соңында белгіленген бағытта өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жақсарту туралы шешім қабылданды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __    _  _      ___    __    __  
      |  __ \\   \ \\/ //  | \| ||   / _ \\  \ \\ / // 
      | |  \ ||   \ ` //   |  ' ||  | / \ ||  \ \/ //  
      | |__/ ||    | ||    | .  ||  | \_/ ||   \  //   
      |_____//     |_||    |_|\_||   \___//     \//    
       -----`      `-`'    `-` -`    `---`       `     
                                                       
      
       
      Наверх