Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 3:58
      Аймақ 15.02.2017, 14:54 0 пікір 802 просмотров

      Атырау облыстық соты республикада көш бастап тұр

       Бұл туралы Атырау облыстық сотында өткен судьялардың қорытынды мәжілісінде айтылды. ҚР Жоғарғы сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева арнайы қатысқан жиында  облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов аймақтың сот жүйесінде бірқатар реформалық өзгерістердің барын айтты.


       

      Яғни, бүгінде облыста қылмыстық істердің саны азайған. Мәселен, өткен жылы атыраулық судьялардың қарауына 1300-ге жуық қылмыстық іс түссе, сәйкес кезеңмен салыстырғанда азаматтық және әкімшілік істердің де едәуір төмендегені байқалған. Қазіргі таңда өңірдегі барлық сот залдары үн-бейнежазу камераларымен қамтылған. Сонымен қатар, облыс соттары жазаның балама түрлерін қолдануды жолға қойып келеді. Әсіресе, тараптар арасындағы сот отырыстарының басым көпшілігі бітімгершілік келісіммен аяқталуда. Осы көрсеткіш бойынша Атырау облысының соты республикада көш бастап келеді. Облыс судьялары алдағы уақытта да Елбасы жолдауында атап көрсетілген сот жүйесіне сенімді арттыру және судьялардың жұмысын жандандыру бағытында жұмыстарды жалғыстыруды көздеп отыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______   _    _    _    _     ____    
        / ___//  /_   _// | \  / || | || | ||  |  _ \\  
        \___ \\   -| ||-  |  \/  || | || | ||  | |_| || 
        /    //   _| ||_  | .  . || | \\_/ ||  | .  //  
       /____//   /_____// |_|\/|_||  \____//   |_|\_\\  
      `-----`    `-----`  `-`  `-`    `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх